Абайдың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту тұжырымдамасын және заманауи технологияларды пайдалана отырып, инфрақұрылымды абаттандыру бойынша тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 223-ө өкімі

      "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Абайдың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту тұжырымдамасын және заманауи технологияларды пайдалана отырып, инфрақұрылымды абаттандыру бойынша тәсілдері әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Абайдың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту тұжырымдамасының және заманауи технологияларды пайдалана отырып, инфрақұрылымды абаттандыру бойынша тәсілдердің жобасын әзірлесін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 223-ө өкіміне
қосымша

Абайдың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту тұжырымдамасын және заманауи технологияларды пайдалана отырып, инфрақұрылымды абаттандыру бойынша тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, басшының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры, хатшы

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімі

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші инженері (келісу бойынша)

Ағытаев
Садуақас Сахиұлы

-

"Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенінің авторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ғылыми-жобалау институты филиалының бас сәулетшісі (келісу бойынша)

Еспенбетов
Арап Сләмұлы

-

абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісу бойынша).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады