"Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 28-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 15-ө өкімі

      "Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 28-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшы";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшының орынбасары" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, басшының орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызмет) басшысының орынбасары (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссия 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қажет болған жағдайда бюджет қаражатының пайдаланылуы бойынша бұзушылықтар фактілерін қарасын және қарау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады