Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 28-ө өкімі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы кеңейтілген отырысында айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыруға қатысты тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Мынадай құрамда Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі комиссия құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө; 29.01.2020 № 15-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

      3. Комиссия 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қажет болған жағдайда бюджет қаражатының пайдаланылуы бойынша бұзушылықтар фактілерін қарасын және қарау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.01.2020 № 15-ө өкімімен.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады