"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджеттік, салықтық заңнаманы және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 32-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (келісу бойынша):

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
№ 32-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджеттік, салықтық заңнаманы және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2020 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

2.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2020 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

3.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2020 жылғы ақпан

Б.С. Камалиев

4.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

5.

Оңалту және банкроттық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині ҰЭМ БП (келісу бойынша)

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов Ж.Х. Мәдиев

6.

Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

7.

Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

8.

"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2020 жылғы наурыз

Ж.Х. Мәдиев

9.

Борышкерді оңалту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

10.

Егер салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

11.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған жойылуы мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

12.

Борышкердің коэффициенттерін есептеу және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

13

Уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

14.

Уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төмен шегін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

15.

Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

16.

"Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

17.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

18.

"Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

19.

Оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұралатын ақпараттардың нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидалары мен мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

20

Уақытша және банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеудің қағидаларын, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстарды өтеудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

21.

Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

22.

Қалыптастырылған кредиторлар талаптары тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

23.

Әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

24

Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтаудың мүмкін болмауын растайтын құжатты жасау қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

25.

"Бюджеттік өтінімді дайындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

26.

"Бюджеттің атқарылуы мен оның кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

27.

Әкімшінің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

28.

Бюджет процесі саласындағы интеграторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрінің бұйрығы

Қаржымині

2020 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады