Инвестиция саласында ынтымақтастықты нығайту мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда неміс инвесторларымен инвестиция саласында ынтымақтастықты нығайту жөнінде жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобының негізгі міндеті мүдделі әлеуетті неміс инвесторлары үшін инвестициялық ұсыныстарды, инвестициялар саласында Қазақстан-Германия ынтымақтастығының инвестициялық жобаларының тізбесін әзірлеу, инвестициялар саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығының инвестициялық жобаларының тізбесінің қатарындағы жобалардың жедел және проблемалы мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 42-ө өкіміне қосымша |
Неміс инвесторларымен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Скляр | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
Айдаров | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Исатаев | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы, хатшы |
Кәріпов | - | Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі |
Жүребеков | - | Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі |
Ержанов | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі |
Дайырбеков | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Мәдиев | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі |
Бекетаев | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбішев | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Жаркешов | - | Қазақстан Республикасының Экология,геология және табиғи ресурстар вице-министрі |
Оразбек | - | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі |
Асқарұлы | - | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі |
Аймұқашев | - | Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Манкеев | - | Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Ыдырысов | - | Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Бекенов | - | Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары |
Байжұманов | - | Алматы облысы әкімінің орынбасары |
Абылханов | - | Атырау облысы әкімінің орынбасары |
Календеров | - | Жамбыл облысы әкімінің орынбасары |
Әбдіқадыров | - | Қарағанды облысы әкімінің орынбасары |
Қойшыбаев | - | Қостанай облысы әкімінің орынбасары |
Имандосов | - | Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
Қилыбай | - | Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Шаяхметов | - | Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Жандарбек | - | Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Мырзалиев | - | Түркістан облысы әкімінің орынбасары |
Бектұрова | - | Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары |
Ергешбек | - | Шымкент қаласы әкімінің орынбасары |
Тұяқбаев | - | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Ахметов | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры |
Рау | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Возрождение" қоғамдық қоры қамқоршылық кенесінің төрағасы (келісу бойынша) |
Пішембаев | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Ақышев | - | Қазақстан Республикасындағы Германия экономика одағының басқарма төрағасының міндетін атқарушысы (келісу бойынша) |
Жүнісова | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша) |
Ыдырысов | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша) |
Сартбаев | - | "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Әбдіғаппаров | - | "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)" LTD" басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Мұқанов | - | "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша) |
Сұлтанов | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (келісу бойынша) |
Хамитов | - | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры - басқарма мүшесі (келісу бойынша) |