Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөнінде кеңес құру және "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 199-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 93-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      3. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 199-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 9 шілдедегі
№ 93-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

      (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

      (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісу бойынша)

      "Серпін - 2050" әлеуметтік жобасының республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы (келісу бойынша);

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (келісу бойынша);

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жоғары білім беру мектебінің деканы (келісу бойынша);

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының өкілі, шетелдік сарапшы (келісу бойынша);

      Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының торағасы (келісу бойынша);

      "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша);

      BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі (келісу бойынша);

      "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры (келісу бойынша);

      Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры (келісу бойынша);

      "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша);

      "МИСиС" NUST EDCRUNCH UNIVERSITI орталығының директоры (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 9 шілдедегі
№ 93-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2. Кеңестің міндеттері

      5. Кеңес мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады