Іске асырылмаған бастапқы уран материалына өтемақы құнын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 120-ө өкімі

      1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйекте Вена қаласында жасалған хаттаманы орындау және іске асырылмаған бастапқы уран материалына өтемақы құнын айқындау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда іске асырылмаған бастапқы уран материалына өтемақы құнын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде іске асырылмаған бастапқы уран материалына өтемақы құнын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының басшысына жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 120-ө өкіміне
қосымша

Іске асырылмаған бастапқы уран материалына өтемақы құнын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, басшы

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, басшының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады