"G4 сity" Алматы қаласының 4 серіктес-қаласын салу жобасын іске асыру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "G4 сity" Алматы қаласының 4 серіктес-қаласын салу жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 12 қазанға дейінгі мерзімде "G4 сity" Алматы қаласының 4 серіктес-қаласын салу жобасын кешенді іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлесін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
Премьер-Министр | А.Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 33 қыркүйектегі № 124-ө өкіміне қосымша |
"G4 сity" Алматы қаласының 4 серіктес-қаласын салу жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
"Астана" халықаралық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы әкімшілігінің бірінші орынбасары (келісу бойынша)
"Caspiangroup" акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)