1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (келісу бойынша) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және кұқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А.Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 79-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құкықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | СІМ | 2021 жылғы мамыр | A.Ғ.Саинов |
2 | "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылгы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2021 жылғы мамыр | Ғ.Ж.Байжанов |
3 | "Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2021 жылғы мамыр | A.Ғ.Саинов |
4 | "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2021 жылғы мамыр | A.Ғ.Саинов |
5 | Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2021 жылғы желтоқсан | A.Ғ.Саинов |
6 | Дипломатиялық поштаның кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2021 жылғы мамыр | A.Ғ.Саинов |
7 | "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2021 жылғы мамыр | A.Ғ.Саинов |
8 | Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізетін заңды тұлғаны айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2021 жылғы мамыр | М.Б.Баймұхан |
9 | Қызмет бабында пайдалану үшін | ||||
8 | Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізетін заңды тұлғаны айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СІМ | 2021 жылғы мамыр | М.Б.Баймұхан |
10 | "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы | СІМ | 2021 жылғы маусым | А.Ғ.Саинов |
11 | Қазақстан Республикасының, шет елдердегі мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы | СІМ | 2021 жылғы маусым | А.Ғ.Саинов |
12 | Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы | СІМ | 2021 жылғы маусым | А.Ғ.Саинов |
13 | Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде жұмыс істеген уақытында- бюджет қаражатының есебінен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге ақы төлеу қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы | СІМ | 2021 жылғы маусым | А.Ғ.Саинов |
14 | Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі, (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы | СІМ | 2021 жылғы маусым | А.Ғ.Саинов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті