Балалар-жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 88-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған:

      1. Балалар-жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мәселелері жөнiндегi комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 88-ө өкімімен
бекітілген

Балалар-жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия жұмысы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Балалар-жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылды.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Комиссияның мақсаты балалар-жасөспірімдер туризмін ынталандыру, инфрақұрылымдық және заңнамалық кедергілерді еңсеру бойынша нақты шараларды әзірлеу, балалардың қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету, өскелең ұрпақты дамыту және тәрбиелеу мақсатында балаларды барынша тарту арқылы жазғы лагерьлер мен басқа да балалар-жасөспірімдер туризмінің субъектілері үшін тиісті кадрларды даярлау болып табылады.

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

      5. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және
37 мүшеден тұрады, олардың 10 – білім, туризм, экология, денсаулық сақтау, ішкі істер, ақпарат және қоғамдық даму, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ұлттық экономика, қаржы, халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы уәкілетті органдардың басшылары, 17 – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, 10 туризм саласында қызметін жүзеге асыратын ғылыми, жұмыс жасайтын ғылыми, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

      мектеп оқушыларымен өткізілетін туристік-өлкетану іс-шараларының қауіпсіздігін, ұйымдастырылу сапасын және педагогикалық тиімділік деңгейін арттыру;

      өз жұмыстарында туризм және өлкетану іс-шараларының нысандарын пайдаланатын балалар бірлестіктерінің контингентін кеңейту;

      оқушылар контингенті әртүрлі, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар және балалар үйлері мен мектеп-интернаттар тәрбиеленушілері бар балалар ұйымдарының түрлі деңгейдегі туристік- өлкетану іс-шараларына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      мәдени-білім беру және әлеуметтік-педагогикалық жобалау және білім беру процесінің құзыреттілік моделі тұрғысынан туристік-өлкетану іс-шараларының мазмұнын жаңарту;

      оқушылардың туристік менеджмент саласындағы жұмысының туристік-өлкетану нысандарының кәсіптік бағдар беру мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану.

      7. Комиссияның функциялары:

      балалар-жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру саласындағы озық практикаларды жинақтау және тарату;

      нормативтік құқықтық базаны және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, балалар-жасөспірімдер туризмі саласында кадрлар даярлау және біліктілігін арттыру;

      балалар-жасөспірімдер туризмін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талқылау-тұжырымдау;

      балалар-жасөспірімдер туризмінің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету;

      балалардың қызығушылығын арттыру үшін музейлерде заманауи технологияларды қолдану тәсілдерін тұжырымдау.

3-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      9. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.

      10. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органы:

      1) Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс;

      2) Комиссия отырыстарына мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың өкілдерін және тұлғаларды шақырады;

      3) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады;

      4) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың мамандарын және тұлғаларды тартады.

      11. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі және бейнеконференцбайланыс режимінде ұйымдастырылуы мүмкін.

      12. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің барлығы қатыспаса, мұндай отырыс кворум болған кезде және уәкілетті орган ведомствосының өкілі міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.

      Комиссия отырысын өткізу мақсаттары үшін кворум дауыс беру құқығы бар Комиссия төрағасын қоса алғанда, Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысын құрайды.

      13. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.

      Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

      14. Комиссияның шұғыл мәселелерді қарауы қажет болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.

      Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі мәселе бойынша материалдар дауыс беруге жіберілген кезден бастап күнтізбелік бір күннен аспауға тиіс.

      Материалдарды тарату электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) немесе электрондық почта арқылы жүргізіледі.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері ЭҚАБЖ арқылы жұмыс органына pdf форматында қол қойылған дауыс беру парағын қоса бере отырып, Комиссия мүшесінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хатты жібереді. Көрсетілген мерзімде дауыс беру парағы ұсынылмаған жағдайда Комиссия мүшесі оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      15. Хаттаманы ресімдеуді оны өткізгеннен кейін Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      16. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 88-ө өкімімен
бекітілген

Балалар-жасөспірімдер туризмінің инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      Шымкент қаласының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры

      "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Qazaq Geography" республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры (келісу бойынша)

      "Ұлы дала скауттары" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы (келісу бойынша)

      "Gvidon Tour" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

      А.А. Остапец-Свешников атындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану халықаралық академиясының Қазақстандағы филиалының төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер туризмі мен демалысы қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Еуразиялық туризм қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      А.А. Остапец-Свешников атындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану халықаралық академиясының академигі (келісу бойынша)

  Балалар-жасөспірімдер
туризмінің инфрақұрылымын
дамыту және жетілдіру
мәселелері жөніндегі комиссия
жұмысы туралы ережеге
қосымша

Комиссия мүшесінің дауыс беру парағы _________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы_________________________________
Отырыс № ___ күні ______

Мәселе №

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

пысықталсын

ескертпе (егер шешім қолдау тапса толтырылмайды)

      Ескертпе: тікелей Комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.

      Сырттай дауыс беру кезінде мәселе бойынша материалдар дауыс беру үшін жіберілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органына жіберіледі.

      Көрсетілген мерзімде дауыс беру парағы ұсынылмаған жағдайда Комиссия мүшесі шешім жобасына оң дауыс берді/қолдады деп есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады