Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 100-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер – Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 3 маусымдағы
№100-ө өкімімен бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымои

2.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭГТРМ

2021 жылғы шілде

С.С.Қожаниязов

3.

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚДМ

2021 жылғы шілде

С.Р. Егізбаев

4.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2021 жылғы шілде

Н.М. Дәуешов

5.

"Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2021 жылғы шілде

F.P.Әбдірахымов

6.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылар үшін банктік кепілдіктермен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуы тиіс ақша сомасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

7.

"Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2021 жылғы шілде

А.А. Айдарон

8.

"Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 971 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2021 жылғы шілде

Б.С.Камалиев

9.

Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

10.

"Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы

СІМ

2021 жылғы шілде

А.А.Айдаров

11.

"Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2021 жылғы шілде

Б.С.Камалиев

12.

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2021 жылғы шілде

М.Ш.Қожаев

13.

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2021 жылғы шілде

М.Ш.Қожаев

14.

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2021 жылғы шілде

М.Ш.Қожаев

15.

"Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрыгы

ІІM

2021 жылғы шілде

М.Ш.Қожаев

16.

Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеуі және оларды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымои

17.

Туристендіру картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

18.

Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

19

Туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

*

Ғ.P.Әбдірахымов

20.

Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымов

21.

Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

22.

Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

23.

Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

24.

Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымов

25.

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.Р.Әбдірахымов

26.

Салалық, субъектілік және объектілік қағидаттар бойынша Қазақстан Республикасындағы туризм бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымон

27.

Ұлттық туристік брендтер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымон

28.

"Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымон

29.

"Туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымои

30.

"Турагент, гид (гид- аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымов

31.

"Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандагы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

МСМ, ҰЭМ

2021 жылғы шілде

F.P.Әбдірахымов, Т.М.Жаксылықов

32.

"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы шілде

Ғ.P.Әбдірахымов

33.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышың бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2021 жылғы шілде

Ш.Т.Каринова

34.

"Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаудықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының бұйрығы

СЖРА

2021 жылғы шілде

Ж.Х. Мәдиев

35.

"Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық коғам министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2021 жылғы шілде

С.Р. Егізбаев

36.

"Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2021 жылғы шілде

С.С.Қожаниязов

37.

Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының шешімдері

республикалық маңызы бар қалалар. астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) ЖАО

2021 жылғы казан

республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

38.

Күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту туралы

Әкімдіктердің қаулылары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО, МСМ

2021 жылғы қазан

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің жетекшілікететін орынбасарлары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      СЖРА - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ЭГТРМ - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      ЖАО - жергілікті атқарушы орган

      * - НҚА-ны қабылдау мерзімі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін екі ай ішінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады