Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының қазақстандық бөлігін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 114-ө өкімі.

      Қырғыз Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі - жұмыс тобы) қазақстандық бөлігі құрылсын.

      2. Жұмыс тобының міндеті өзара тауар айналымы көлемін ұлғайту және екіжақты сауда саласындағы мәселелерді жедел шешу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.

      Премьер-Министр А.Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 17 маусымдағы
№ 114-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шекара бақылау департаменті бастығының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасының төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады