Инфляция деңгейін төмендету және банктік кредиттеудің қолжетімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда инфляция деңгейін төмендету және банктік кредиттеудің қолжетімділігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде инфляция деңгейін төмендету және банктік кредиттеудің қолжетімділігін арттыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министріне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 134-ө өкіміне қосымша |
Инфляция деңгейін төмендету және банктік кредиттеудің қолжетімділігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарушы хатшысы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)