1. Қосымшаға сәйкес құрамда 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысында болған өрт пен жарылыстардың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия:
1) дереу жұмысқа кіріссін, келтірілген залалды бағалау және жарылыстардың салдарын жою, зақым келген инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге және қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын;
2) қажет болған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссия жұмысына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тартсын.
3. Комиссия басшысы жұмыс нәтижелері және көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 142-ө өкіміне қосымша |
2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысында болған өрт пен жарылыстардың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Скляр Роман Васильевич | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - | Жамбыл облысының әкімі, басшының орынбасары |
Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы | - | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Ильин Юрий Викторович | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі |
Біржанов Ержан Ерікұлы | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Бүркітбаев Жандос Қонысұлы | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Жаналинов Данияр Еренғалиұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі |