1. "Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:
"Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары";
"Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған жол картасының мақсаттары мен іске асыру бағыттары" деген тарауда:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Жол картасында мынадай бағыттар көзделеді:
1) әлеуметтік-мәдени саланың, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның инфрақұрылымдық жобаларын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыру есебінен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту;
2) шағын, орта бизнесті, оның ішінде отандық тауарлар, көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
4) өңірлерде бизнесті дамыту.";
"Бірінші бағыт: әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жалпы құрылыс және арнайы жұмыстары бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Бірінші бағыт: әлеуметтік-мәдени саланың, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның инфрақұрылымдық жобаларын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыру есебінен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту";
"Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары";
"Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттары" деген тарауда:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу мемлекеттік органдардың қорытындылары негізінде жүзеге асырылады.";
төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның функцияларына мыналар кіреді:
1) өңірде Жол картасының іске асырылуын жедел мониторингтеу;
2) Жол картасының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау;
3) жұмыс тобының қарауына енгізу үшін өңірлік деңгейде инфрақұрылымдық жобаларды бекіту;
4) әрбір инфрақұрылымдық жоба бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының (бұдан әрі – ХЖҚО) жолдамасы бойынша адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын бекіту;
5) Жол картасының екінші бағытын қаржыландыру лимитін бекіту;
6) бекітілген жалпы лимиттер шеңберінде Жол картасының бағыттары бойынша қаражатты түзету және қайта бөлу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.";
он сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Үйлестірушінің функцияларына мыналар жатады:
1) өңірге жеткізілген қаржыландыру лимиті шегінде инфрақұрылымдық жобалар тізбесіне енгізу үшін қызмет салалары бойынша жергілікті уәкілетті органдардан ұсыныстар жинау және жинақтау;
2) Комиссияның қарауына инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін енгізу;
3) Комиссия жұмысы үшін материалдар дайындау;
4) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізу және шешімдерін ресімдеу;
5) Комиссия бекіткен инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін уәкілетті органға жіберу;
6) Комиссияға мемлекеттік органдардың қорытындылары негізінде инфрақұрылымдық жобаларды алмастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
7) жұмыстар мен объектілердің түрлері, жобаларды іске асырудың құны мен ұзақтығы, жоба аяқталғаннан кейін құрылатын, оның ішінде тұрақты жаңа жұмыс орындарының жалпы саны және орташа жалақы бойынша аудандар/қалалар (қаладағы аудандар) бөлінісінде жобалардың тізбесін қалыптастыру.";
жиырма екінші және жиырма үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган инфрақұрылымдық жобалардың жиынтық тізбесін мемлекеттік органдардың қарауына жібереді.
Мемлекеттік орган жиынтық тізбені түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қорытындыны уәкілетті органға жібереді.";
мынадай мазмұндағы жиырма төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдардың қорытындысы оң болған кезде уәкілетті орган жобалар тізбесін қалыптастырады және ВАК отырысында бекітуге жібереді.";
"Инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырудың тәртібі мен шарттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырудың тәртібі мен шарттары";
"Инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастырудың тәртібі мен шарттары" деген тарауда:
он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс беруші-мердігер/қосалқы мердігер жұмысқа орналастырылған, оның ішінде ХЖҚО арқылы жолдама бойынша орналастырылған адамдармен еңбек шарттарын жасасады және "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне орналастырады.";
"Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мониторингі" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. "Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу";
"Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-шы (оныншы) күніне қарай "Жұмыс орындарын құру мониторингі" интеграцияланған картасы" ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті органға инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы жөнінде есептер берді, онда:
1) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлердің саны мен атауы;
2) жұмыстар мен объектілердің түрлері бойынша басталған (аяқталған) жобалардың саны, инфрақұрылымдық жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;
3) құрылған жұмыс орындарының саны және жұмысқа орналастырылған, оның ішінде ХЖҚО-ның жолдамасы арқылы орналастырылған адамдардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган "Жұмыс орындарын құру мониторингі" интеграцияланған картасы" ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс орындарын құру және адамдарды жұмысқа, оның ішінде ХЖҚО жолдамасы бойынша орналастыру фактісіне, жұмыс ұзақтығы мен орташа жалақы мөлшеріне мониторинг жүргізеді.";
"Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тәртібі мен шарттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тәртібі мен шарттары";
"Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тәртібі мен шарттары" деген тарауда:
жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "ҚТК" АҚ) өңірлерді дамыту мақсаттары үшін транштармен шығарылатын ЖАО облигацияларын сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыз шеңберінде қаражат бөледі.
"ҚТК" АҚ бұл қаражатты ЖАО-ның облигациялық қарыздары түрінде мынадай шарттарда ұсынады:
қарыздың мақсаты – Жол картасы шеңберінде өңірлерді дамыту;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1 (алты бүтін оннан бір) %;
қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай 12 (он екі) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен қарыз мерзімінің соңында.";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"2021 жылы "Қазақстанның орнықтылық қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚОҚ" АҚ) инфрақұрылымды дамыту мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыз шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға қоса алғанда 50 (елу) миллиард теңгеге дейінгі сомаға қаражат бөледі.
"ҚОҚ" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның облигациялық қарыздарын мынадай шарттарда береді:
қарыздың мақсаты – инфрақұрылымды дамыту мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын қаржыландыру;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7 (жеті) %;
қарыз мерзімі – "ҚОҚ" АҚ алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай қоса алғанда 10 (он) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының (эмитенттің) бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "ҚТК" АҚ-ға инфрақұрылымды дамыту мақсаттары үшін транштармен шығарылатын ЖАО облигацияларын сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған 50 (елу) миллиард теңгеден аспайтын мөлшердегі облигациялық қарыз шеңберінде қаражат бөледі.
"ҚТК" АҚ қорландыру шарттары:
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,02 (жеті бүтін жүзден екі) %;
қарыз мерзімі – "ҚОҚ" АҚ алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай қоса алғанда 10 (он) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының (эмитенттің) бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында.
"ҚТК" АҚ бұл қаражатты ЖАО облигациялық қарыздары түрінде мынадай шарттарда ұсынады:
қарыздың мақсаты – әлеуметтік-мәдени саланың, инженерлік-көліктік, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның инфрақұрылымдық жобаларын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыру есебінен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,1 (жеті бүтін оннан бір) %;
қарыз мерзімі – "ҚОҚ" АҚ-дан алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай 10 (он) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен қарыз мерзімінің соңында.
ЖАО-ның инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаржыландыру көлемін бөлуді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырады.";
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖАО апта сайынғы негізде жобалардың іске асырылу барысы, бөлінген қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы есептерді "ҚТК" АҚ ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.";
мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
"ҚТК" АҚ ай сайынғы негізде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға бөлінген қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы есептер жібереді.
"Бәйтерек" АҚ ай сайынғы негізде жобалардың іске асырылу барысы, бөлінген қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы есептерді "ҚҚБ" АҚ-ға жібереді.
"Екінші бағыт: отандық тауарлар, көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Екінші бағыт: шағын, орта бизнесті, оның ішінде отандық тауарлар, көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру";
"Екінші бағыт: отандық тауарлар, көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту және жұмыс орындарын құру үшін "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру" деген тарауда:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы бағыт шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасына не басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысушылардың (бұдан әрі – "Бастау Бизнес" жобасының түлектері) – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, шағын бизнестің, микрокәсіпкерліктің бизнес-жоспарларын, оның ішінде отбасылық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттерді шешу көзделеді.";
"Микрокредиттер беру тәртібі" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Микрокредиттер беру тәртібі";
"Соңғы қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетіктері" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"9-тарау. Соңғы қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетіктері";
"Соңғы қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетіктері" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бастау Бизнес" жобасының түлектеріне микрокредиттер беру шарттары:
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы:
ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 2,5 (екі бүтін оннан бес) мың айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін;
қалаларда, моноқалаларда (Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 (алты бүтін оннан бес) мың АЕК-ке дейін;
Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8 (сегіз) мың АЕК-ке дейін;
3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 (алты) % аспайды;
4) МҚҰ "Еңбек" бағдарламасына қатысушының микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АКК" АҚ-мен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;
5) кредитордың шешімі бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең алу мүмкіндігі;
6) қарыздардың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17810 тіркелген) бекітілген Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары) сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушы қызметінің бағытына сәйкес айқындалады.";
"Есептілікті ұсыну және кредиттік қаражатты пайдалану мониторингін жүргізу тәртібі" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау. Есептілікті ұсыну және кредиттік қаражатты пайдалану мониторингін жүргізу тәртібі";
мынадай мазмұндағы 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-бөліктермен толықтырылсын:
"11-тарау.Үшінші бағыт: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Осы бағыт шеңберінде азық-түлік тауарларының импортын қысқарту (импортқа тәуелді секторлар бойынша қажеттілікті жабу) жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу көзделеді.
Агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) дамытудың негізгі мақсаты жұмыс орындарын құру үшін инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы АӨК дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
АӨК-ті дамыту "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына АӨК бөлігінде әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторларының тізбесінде көрсетілген ЭҚЖЖ кодтарына сәйкес бағыттар бойынша "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдары арқылы АӨК инвестициялық жобаларын қаржыландыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ АӨК-ті дамыту саласындағы уәкілетті органға қаржыландырудың негізгі шарттарын (қаржыландыру сомасы, қаржыландыру мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі) көрсете отырып, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарының уәкілетті органдары мақұлдаған жобалар тізбесімен хат жібереді. Одан әрі АӨК-ті дамыту саласындағы уәкілетті орган "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-дан хат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жобалар тізбесін қарауға және кейіннен ВАК отырысында шешім қабылдауға бастама жасайды.
12-тарау. АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәртібі
"ҚОҚ" АҚ АӨК-ті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыз шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға қоса алғанда 100 (бір жүз) миллиард теңгеге дейінгі сомаға қаражат бөледі.
"ҚОҚ" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ облигациялық қарыздарын мынадай шарттарда береді:
қарыздың мақсаты – агроөнеркәсіптік кешен жобаларын кейіннен қаржыландыру үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын қаржыландыру;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7 (жеті) %;
қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай қоса алғанда 10 (он) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының (эмитенттің) бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарына "Аграрлық кредиттік корпорациясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "АКК" АҚ), "Қазына Капитал менеджмент" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "ҚКМ" АҚ), "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "ҚДБ" АҚ) "ҚОҚ" АҚ-дан алынған облигациялық қарыз шеңберінде АӨК инвестициялық жобаларын қаржыландыру үшін қаражат бөледі.
"АКК" АҚ, "ҚКМ" АҚ, "ҚДБ" АҚ қорландыру шарттары мынадай:
қарыз мақсаты – АӨК жобаларын қаржыландыру;
номиналдық сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,1 (жеті бүтін оннан бір) %;
қарыз мерзімі – "ҚОҚ" АҚ-дан алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне байланысты қоса алғанда 10 (он) жылға дейін";
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының (эмитенттің) бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында;
қаражатты игеру мерзімі – 2021 жылдың соңына дейін.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қаржыландыру қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
"АКК" АҚ, "ҚКМ" АҚ, "ҚДБ" АҚ ай сайынғы негізде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға бөлінген қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы есептер жібереді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ай сайынғы негізде "АКК" АҚ-ға, "ҚКМ" АҚ-ға, "ҚДБ" АҚ-ға бөлінген қаражатты игеру және мақсатты пайдалану туралы есептерді "ҚОҚ" АҚ-ға жібереді.";
13-тарау. Соңғы қарыз алушыларды/ өтініш берушілерді қаржыландыру тәртібі
АӨК саласындағы кәсіпкерлік қызмет субъектілері Жол картасы шеңберінде қаржылық қолдау алуға үміткерлер болып табылады.
Қаржыландыру жаңа жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
АӨК саласындағы кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға кредит беруге Жол картасының үшінші бағыты шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаны қаржыландыру шартымен ғана жол беріледі.
Қаржыландыруды ұсыну тәртібі, қаржыландырудың негізгі шарттары, қарыз алушының/өтініш берушінің міндеттемелерін қамтамасыз ету тәсілдері, қарыз алушылардың/өтініш берушілердің санаттары, қаржыландыру мерзімдері мен сомалары "АКК" АҚ, "ҚКМ" АҚ, "ҚДБ" АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес белгіленеді.
АӨК-ті дамыту үшін "ҚДБ" АҚ мынадай шарттарда кредит береді:
1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жылдық
6 (алты) % түпкілікті мөлшерлемеге шыға отырып, жылдық 5 (бес) %-ға дейін субсидиялау мүмкіндігімен жылдық 11 (он бір) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен қоса алғанда 10 (он) жылға дейін;
2) облигациялық қарыз қаражатының нысаналы мақсаты:
жабдықты сатып алу, монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу, техника сатып алу, жұмыс істеп тұрған бизнесті жаңғырту және кеңейту, Қарыз алушының жабдықты сатып алуға, монтаждауға және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалған меншікті қаражатын "ҚДБ" АҚ-ның өтеуі;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, оның ішінде реконструкциялау, Қарыз алушының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жұмсалған меншікті қаражатын "ҚДБ" АҚ-ның өтеуі.
Бұл ретте "ҚДБ" АҚ инвестициялық жобаны қаржыландыру мерзімінен кем болмайтын мерзімге беретін кредиттік желі сомасының 40 %-ы сомасынан аспайтын мөлшерде, жылдық 6 (алты) %-дық соңғы мөлшерлемеге шыға отырып, жылдық 5 (бес) %-ға дейін субсидиялау мүмкіндігімен жылдық 11 (он бір) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен айналым қаражатын толықтыруға кредит беруге жол беріледі;
3) жобаның инвестициялық фазасының мерзімінен кем болмайтын мерзіммен негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) негізгі борышты ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеуге жол беріледі.
АӨК дамыту үшін "АКК" АҚ мынадай шарттарда кредит береді:
1) инвестициялық мақсаттарға – жылдық 6 (алты) % түпкілікті мөлшерлемеге шыға отырып, жылдық 5,5 (бес бүтін оннан бес) %-ға дейін субсидиялау мүмкіндігімен жылдық 11,5 % (он бір бүтін оннан бес) сыйақы мөлшерлемесімен қоса алғанда 10 (он) жылға дейін;
айналым қаражатын толықтыруға – жылдық 6 (алты) % түпкілікті мөлшерлемеге шыға отырып, жылдық 5,5 (бес бүтін оннан бес) %-ға дейін субсидиялау мүмкіндігімен жылдық 11,5 % (он бір бүтін оннан бес) сыйақы мөлшерлемесімен 3 (үш) жылға дейін.
Бұл ретте жобаның инвестициялық бөлігінің сомасынан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға кредит беруге жол беріледі.
2) облигациялық қарыз қаражатының нысаналы мақсаты:
жабдықты монтаждауды, іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуді қоса алғанда, негізгі құралдарды, техниканы, жабдықты, биоактивтерді, жабдықты сатып алу/жаңғырту;
құрылыс-монтаждау жұмыстары және/немесе реконструкциялау;
айналым қаражатын толықтыру;
3) өтеу бойынша жеңілдікті кезең:
негізгі борышты және инвестициялық мақсаттарға сыйақыны – 2 (екі) жылға дейін;
айналым қаражатын толықтыруға негізгі борыш пен сыйақыны – 1 (бір) жылға дейін;
4) өтеу мерзімділігі – жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін жылына кемінде 1 (бір) рет.
5) негізгі борышты ішінара немесе мерзімінен бұрын толық өтеуге жол беріледі.
"ҚКМ" АҚ АӨК-ті дамыту үшін "ҚКМ" АҚ тікелей және (немесе) жанама қатысатын тікелей инвестициялар қорлары арқылы қаржыландыруды мынадай шарттарда (қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) ұсынады:
1) инвестициялардың географиясы: Қазақстан Республикасының аумағындағы АӨК-тің инвестициялық жобалары;
2) инвестициялар сомасы: 1 (бір) миллиард теңгеден бастап 8 (сегіз) миллиард теңгеге дейін;
3) қаржыландыру құралдары: үлестік қаржыландыру (кәсіпорындардың акционерлік/жарғылық капиталындағы акцияларды/қатысу үлестерін сатып алу) және мезониндік қаржыландыру;
4) инвестицияларды нысаналы пайдалану: күрделі шығындар; айналым капиталын толықтыру; компанияның қаржылық міндеттемелерін өтеу;
5) қаржыландыру мерзімі: қоса алғанда 7 (жеті) жылға дейін;
6) қаржыландыру валютасы: теңге
7) жоба бастамашысы үшін түпкілікті мөлшерлеме: капиталдандырусыз қоса алғанда жылдық 12 (он екі) %-ға дейін;
8) инвестициялардың негізгі бағыттары: жұмыс істеп тұрған қуаттарды ұлғайтуды және/немесе жаңғыртуды талап ететін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға инвестициялар; борыштық жүктемені төмендетуді және/немесе айналым капиталын ұлғайтуды талап ететін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға инвестициялар; жаңа инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында құрылымында тұрақты қаржылық көрсеткіштері бар бір немесе бірнеше жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бар холдингтік компанияларға инвестициялар; инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлайтын жаңадан құрылатын кәсіпорындарға инвестициялар; инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлайтын жаңадан құрылатын кәсіпорындарға инвестициялар;
9) өтініш берушінің/бастамашының жобаға қатысуы: ақшалай қаражат, акциялар/қатысу үлестері немесе басқа активтер түрінде көрсетілген жобаның жалпы құнының кемінде 20 (жиырма) %-ы, оның ішінде өтініш берушінің жобада бұрын шеккен шығындары;
10) үлестік қаржыландыру кезінде инвестицияланатын компанияның жарғылық/акционерлік капиталындағы қатысу үлесі: қоса алғанда 49 (қырық тоғыз) %-ға дейін;
11) үлестік қаржыландыру кезінде кепілмен қамтамасыз ету: талап етілмейді;
12) мезониндік қаржыландыру кезінде кепілмен қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылтайшылардың кепілдігі және/немесе инвестицияланатын компанияның жарғылық капиталындағы үлесті кепілге беру және/немесе қамтамасыз етудің өзге де түрлері;
13) негізгі борышты және сыйақыны өтеу (мезониндік қаржыландыру) бойынша жеңілдікті кезең – 2 (екі) жылға дейін;
14) негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге (мезониндік қаржыландыруға) жол беріледі;
15) мезониндік қаржыландыруды өтеу шартта көзделген өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Үлестік қаржыландыру шеңберінде инвестицияларды қайтару "ҚКМ" АҚ жобаға қатысушыларға немесе опциондық келісімге сәйкес үшінші тұлғаларға жобаға қатысу үлесін/акцияларын іске асыруы жолымен жүзеге асырылады.
Осындай жер учаскелерінің/тұрғын жылжымайтын мүліктің нысаналы мақсаты кредит беру туралы шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес-мақсаттарға өзгертілетін жағдайларды қоспағанда, тұтынушылық мақсаттарға, акцизделетін өнімдер өндіруге, тұрғын жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) қаражат жіберуге жол берілмейді.
14-тарау. АӨК субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі
Мөлшерлемелерді субсидиялау тетігін іске асыру "ҚДБ" АҚ-да, "АКК" АҚ-да (бұдан әрі – қаржы институттары) АӨК-ті дамытуға бағытталған жобаларға қаржы институттары берген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері бойынша АӨК субъектілері төлейтін төлемдер сомасын ішінара арзандатуға бағытталған.
Қаржы институттары берген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық мақсаттарға және АӨК дамыту үшін айналым қаражатын толықтыруға жүзеге асырылады.
Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы, "ҚДБ" АҚ/"АКК" АҚ және АӨК субъектісі арасында жасалатын субсидиялау шарты негізінде жүзеге асырылады.
АӨК саласында өндіру және қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаларды субсидиялау (оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға) номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,5 (он бір бүтін оннан бес) %-дан аспайтын, оның 6 (алты) %-ын АӨК субъектісі төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
"ҚДБ"АҚ/"АКК" АҚ қаржыландыратын АӨК саласында өндіру және қайта өңдеу (оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға) жөніндегі жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі және тетігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17741 тіркелген) бекітілген АӨК субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.
"ҚДБ" АҚ, "АКК" АҚ бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
15-тарау. Төртінші бағыт: өңірлерде бизнесті дамыту
Осы бағыт шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді, шағын бизнесті, микрокәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін қолдау арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу көзделеді.
Негізгі мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің өсуін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.
Осы бағыттың үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.
Бөлінген қаражаттың нысаналы мақсаты – "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторларының тізбесінде" көрсетілген экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын кредиттеу/микрокредиттеу және инвестициялау, кеңейту және қолдау.
Уәкілетті орган инвестициялық жобалардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және ВАК-тың қарауына шығарады.
Қаржыландыруға жататын инвестициялық жобалардың тізбесі ВАК отырысында қаралады және бекітіледі.
Өңірлерде бизнесті дамыту жобасы шеңберінде берілетін кредиттер/ микрокредиттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ЖАО айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
Сенім білдірілген өкіл (агенттермен) тапсырма шартының негізінде ЖАО атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес кредит беруге/микрокредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайтын тұлға болып табылады.
Сенім білдірілген өкіл (агенттер) ЖАО тапсырмасы бойынша мынадай әрекеттерді орындайды:
1) кредиттерге қызмет көрсету;
2) қарыз алушылармен есеп айырысуды жүргізу;
3) қарыз алушының және (немесе) түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу;
4) берешекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алу;
5) түпкілікті қарыз алушыларды анықтау және олармен кредиттік шарттар жасасу.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) болады.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді, егер тапсырма шартында өзгеше көзделмесе, ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
16-тарау. Кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі
"Жол картасы шеңберінде кредиттер/микрокредиттер алуға үміткерлер облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қалалардағы, моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі шағын және орта кәсіпкерлер болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу кредиттер/микрокредиттер алудың міндетті шарты болып табылады.
Кредит беру/микрокредит беру кредит/микрокредит алуға өтініш берген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем болатын қатысушыларды және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда, жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылған жағдайда жүзеге асырылады.
Кредиттер/микрокредиттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ЖАО айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агенттерді) арқылы беріледі.
Кредит/микрокредит алу үшін құжаттар/мәліметтер тізбесі "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17812 болып тіркелген) бекітілген Ауылда және шағын қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларына және Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Үміткерлер тікелей не ауылдық округтер мен елді мекендер әкімдері арқылы консультация алу үшін сенім білдірілген өкілге (агенттерге) жүгінеді.
Қарыз алушыларды сенім білдірілген өкіл (агенттермен) тапсырма шартына сәйкес айқындайды.
Сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/микрокредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері кредитормен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс.
Сенім білдірілген өкілге (агенттерге) тапсырманы орындағаны үшін сыйақы төлеуді, егер тапсырма шартында өзгеше көзделмесе, ЖАО жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақыны төлеу мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
Сенім білдірілген өкіл (агенттер) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-ші (жиырма бесінші) күніне дейінгі мерзімде ЖАО (электрондық түрде портал арқылы/қолмен) берілген кредиттер/микрокредиттер және тапсырма шартында белгіленген нысанға сәйкес олардың нысаналы пайдаланылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
Кредиттер/микрокредиттер аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға басым тәртіппен беріледі.
2021 жылы "ҚОҚ" АҚ өңірлерде бизнесті дамыту мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыз шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға қоса алғанда 50 (елу) миллиард теңгеге дейінгі сомаға қаражатты мынадай шарттарда бөледі:
қарыздың мақсаты – өңірлерде бизнесті дамыту мақсатында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымын қаржыландыру;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7 (жеті) %;
қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай қоса алғанда 10 (он) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының (эмитенттің) бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өңірлерде бизнесті дамыту мақсаттары үшін транштармен шығарылатын ЖАО облигацияларын сатып алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған 50 (елу) миллиард теңгеден аспайтын мөлшердегі облигациялық қарыз шеңберінде "ҚТК" АҚ-ға қаражат бөледі.
"ҚТК" АҚ қорландыру шарттары:
номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,02 (жеті бүтін жүзден екі) %;
қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай қоса алғанда 10 (он) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының (эмитенттің) бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында.
"ҚТК" АҚ осы қаражатты ЖАО облигациялық қарыздары түрінде мынадай шарттарда ұсынады:
қарыздың мақсаты – өңірлерде бизнесті дамыту;
номиналды сыйақы мөлшерлемес – жылдық 7,1 (жеті бүтін оннан бір) %;
қарыз мерзімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған облигациялық қарыздардың мерзімдеріне қарай 10 (он) жылға дейін;
қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына 1 (бір) рет;
негізгі борышты төлеу – қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен қарыз мерзімінің соңында.
Қаражатты игеру мерзімі – 2021 жылдың соңына дейін.
Өңірлерде бизнесті дамыту шеңберінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қаржыландыру қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
ЖАО апта сайынғы негізде жобалардың іске асырылу барысы, бөлінген қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы есептерді "ҚТК" АҚ ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
"ҚТК" АҚ ай сайынғы негізде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға бөлінген қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы есептер жібереді.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ай сайынғы негізде "ҚҚК" АҚ-ға бөлінген қаражатты игеру және мақсатты пайдалану туралы есептерді жібереді.
17-тарау. Соңғы қарыз алушыларға кредит/микрокредит беру тәртібі мен тетігі
Өңірлерде бизнесті дамыту шеңберінде кредиттер/микрокредиттер беру шарттары:
1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін кредит/микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін;
2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы қоса алғанда 300 (үш жүз) миллион теңгеден аспайды;
3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 9,5 (тоғыз бүтін оннан бес) %-дан аспайды, АӨК желісі бойынша субсидиялау".
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |