Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 сәуірдегі № 71-ө өкімі
"Капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін тұжырымдау және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 36-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін тұжырымдау және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары " деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі";
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |