Капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін тұжырымдау және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 36-ө өкімі.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін тұжырымдау және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия жанынан мынадай бағыттар бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісу бойынша) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – ақша қаражатының кетуі, шетелге шығарылған капиталдың көлемін айқындау жөнінде талдау жүргізу бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – капиталды шетелден елге қайтару жөнінде ынталандыру шараларын тұжырымдау бойынша;

      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – ұлттық заңнамада санкциялар мен шектеу шараларын енгізу жөніндегі заңнамалық бастамаларды тұжырымдау бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп – салықтық әкімшілендіру шараларын күшейту бойынша;

      5) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісу бойынша) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстық қудалау шеңберінде шығарылған капиталды қайтару жөнінде шаралар қабылдау бойынша жұмыс топтарын құрсын.

      3. Комиссия бір ай мерзімде капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктері және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бойынша нақты ұсыныстар тұжырымдасын.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 23 ақпандағы
№ 36-ө өкіміне
қосымша

Капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін тұжырымдау және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 09.04.2022 № 71-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министр, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

      бірінші қаржы вице-министрі, хатшы

      Бас прокурордың орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің бастығы (келісу бойынша)

      Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады