Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 сәуірдегі № 72-ө өкімі
"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |