"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 105-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 103-ө Өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 23.07.2024 № 103-ө Өкімімен.

      "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Басқарушы комитеттің айрықша құзыретіне:

      1) Қор жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) Қордың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін бекіту;

      3) Қордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;

      4) Қордың сыртқы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;

      5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басқарушы комитеттің құрамына құрылтайшының өкілдері, педагогтер және ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар кіреді.".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады