"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 134-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-күннен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтасын және айдың 5-күнінен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 134-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам
1 2 3 4 5 6

1

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2022 жылғы қазан

Ж.Д. Нұрмағанбетов

2

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

3

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭГТРМ

2022 жылғы қазан

Т.А. Момышев

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендияны белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2022 жылғы қазан

К.А. Ерғалиев

5

"Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

ИИДМ

2023 жылғы қараша

М.К. Қарабаев

6

"Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

ЭМ

2022 жылғы қазан

Ж.Д. Нұрмағанбетов

7

"Нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 682 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

ЭМ

2022 жылғы қазан

Ж.Д. Нұрмағанбетов

8

"Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке баға есептеу және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

ЭМ

2022 жылғы қазан

Ж.Д. Нұрмағанбетов

9

"Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

ЭМ

2022 жылғы қазан

Ж.Д. Нұрмағанбетов

10

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бірлескен бұйрық

ИИДМ ҰЭМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев Т.М. Жақсылықов

11

"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

ҰЭМ

2022 жылғы қазан

А.Ә. Әбдікәрімов

12.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

13

"Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

14

Мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

15

Мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

16

Энергетикалық ресурстарды жылына елу мың және одан астам тонна шартты отынға барабар көлемде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

17

Энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

18

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

19

Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ИИДМ

2022 жылғы қазан

М.К. Қарабаев

20

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

ИИДМ

2023 жылғы қараша

М.К. Қарабаев

21

Отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды сала отырып жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды сала отырып жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы тиісті шарттар жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Бұйрық

ЭМ

2022 жылғы қазан

Ж.Д. Нұрмағанбетов

22

Кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы

Бұйрық

ЭГТРМ

2022 жылғы қазан

Т.А. Момышев

23

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы қазан

К.А. Ерғалиев

24

Субұрқақ шаруашылығын ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Әкімдіктің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2022 жылғы қазан

А.К. Амрин

25

Автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Әкімдіктің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2022 жылғы қазан

А.К. Амрин

26

Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Әкімдіктің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі, МСМ

2022 жылғы қазан

Ә.Е. Әбдіқадыров

27

Алматы қаласының қала құрылысы кеңесін құру және оның ережесін бекіту туралы

Әкімдіктің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2022 жылғы қазан

М.Б. Әзірбаев

28

Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын бекіту туралы

Әкімдіктің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2022 жылғы қазан

М.Б. Әзірбаев

29

Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Әкімдіктің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2022 жылғы қазан

М.Б. Әзірбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады