«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12793 болып тіркелген, «Әділет» ақпарақттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бірлескен бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) маңызды бұзушылықтар – энергия тұтынудың нормативтерін сақтамау, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталмауы жөнінде расталған бір шағымның немесе жүгіну хатының болуы, энергия аудиторлық ұйымдар мен оқу орталықтарының жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 шілдеден және 15 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға энергия аудиті бойынша есеп беру кезеңінде берілген барлық қорытындылардың көшірмелерін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өтуі туралы есеп беру кезеңінде берілген барлық құжаттардың көшірмелерін ұсынбауы немесе уақытылы ұсынбауы, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының энергия аудиторлық ұйымдар мен оқу орталықтарының: штатында біліктілендірілген персоналының, меншік құқығында немесе өзге де заңдық негізде ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының, бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларының, меншік құқығында немесе өзге де заңдық негізде оқу кабинетінің, компьютерлерінің болуы бойынша міндеттемелері бөлігіндегі талаптарының сақталмауы;
3) өрескел бұзушылықтар - электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау бойынша бұзушылықтар, энергетикалық аудитті жүргізу нәтижелері бойынша қорытындының болмауы, энергетикалық аудиті өткеннен кейін бес жыл ішінде, энергетикалық аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін энергетикалық ресурстар мен судың тұтыну көлемін өнімнің бірлігіне, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне жыл сайын азайтуды қамтамасыз ету талаптарын бұзулар, энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді жүзеге асыру кезінде жабдықтың, арматураның ақаулығынан, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдаланудан немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін сақтамаудан туындаған олардың тікелей ысырабына жол беру, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарының сақталмауы жөнінде расталған екі және де одан да астам шағымдар мен арыздардың бар болуы, заңды тұлғалардың «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін уәкілетті органға хабарламаны бермеуі немесе уақытылы бермеуі, Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсынбауы немесе уақытында ұсынбауы;»;
көрсетілген Өлшемшарттарға Қосымшада:
«Алдыңғы тексерулер нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптарды сақтамаған кезде белгіленеді)» 1-бөлімінде
реттік нөмірі 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2. |
Электр желісінің кернеу класы 110 – 220 кВ болғанда тұтынушының электр желісіне қосылу нүктесіндегі электр желілеріндегі қуат коэффиңиенті 0,89-дан артық немесе тең |
өрескел |
3. |
Электр желісінің кернеу класы 6 – 35 кВ болғанда тұтынушының электр желісіне қосылу нүктесіндегі электр желілеріндегі қуат коэффициенті 0,92-ден артық немесе тең |
өрескел |
4. |
Электр желісінің кернеу класы 0,4 кВ болганда тұтынушының электр желісіне қосылу нүктесіндегі электр желілеріндегі қуат коэффициенті 0,93-тен артық немесе тең |
өрескел |
»;
төмендегідей мазмұндағы, реттік нөмірлері 6-1, 6-2, 6-3, 6-4, 6-5, 6-6, 6-7 және 6-8 жолдармен толықтырылсын:
«
6-1 |
Заңды тұлғалардың «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін уәкілетті органға хабарламаны ұсынбауы немесе уақытылы ұсынбауы |
өрескел |
6-2 |
Уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындагы энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлғаның штатында уәкілетті орган аттестаттаған кемінде төрт энергия аудиторының болмауы |
маңызды |
6-3 |
Уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлганың меншік құқығында немесе өзге де заңдық негізде уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының болмауы |
маңызды |
6-4 |
Уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлганың білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларының болмауы |
маңызды |
6-5 |
Уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталганы туралы хабарлаған заңды тұлғаның штатында жоғары білімі бар кемінде екі оқытушының, соның ішінде техника ғылымдарының кандидатынан (магистрінен) төмен емес оқу дәрежесі бар кемінде бір оқытушының болмауы |
маңызды |
6-6 |
Уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлғаның меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының тізбесіне сәйкес оқу кабинетінің, компьютерлерінің, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының болмауы |
маңызды |
6-7 |
Энергия аудиторлық ұйымдардың жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 шілде мен 15 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға есеп беру кезеңінде энергия аудиті бойынша берілген барлық қорытындылардың көшірмелерін ұсынбауы немесе уақытылы ұсынбауы |
маңызды |
6-8 |
Оқу орталықтарының жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 шілде мен 15 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға есеп беру кезеңінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өтуі туралы құжаттарды ұсынбауы немесе уақытылы ұсынбауы |
маңызды |
»;
«Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу жөніндегі есеп»:
2-бөлімінде реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. |
Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты, атап айтқанда: Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауын, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін, күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін, энергетикалық аудиті қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді, есептік кезең ішінде энергетикалық аудиті қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін, өнім бірлігіне есептегенде нақты энергия тұтынуды және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне есептегенде жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстар шығынын, энергетикалық аудиті бойынша қорытындының көшірмесін, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты ұсынуы немесе уақытылы ұсынбауы |
өрескел |
»;
бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бақылау аясындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексеру парағында:
«Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты»:
бөлімінде реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. |
Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты, атап айтқанда: Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауын, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін, күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін, энергетикалық аудиті қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді, есептік кезең ішінде энергетикалық аудиті қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін, өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтынуды және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне есептегенде жылытуға жұмсалған энергетикалық ресурстар шығынын, энергетикалық аудиті бойынша қорытындының көшірмесін, энергия менеджменті жүйесінің ұлттық немесе халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесін, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты ұсынуы |
»;
«Жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты» бөлімінде
реттік нөмірі 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. |
Электр желісінің кернеу класы 110 – 220 кВ болғанда тұтынушының электр желісіне қосылу нүктесіндегі электр желілеріндегі қуат коэффиңиенті 0,89-дан артық немесе тең |
||||
5. |
Электр желісінің кернеу класы 6 – 35 кВ болғанда тұтынушының электр желісіне қосылу нүктесіндегі электр желілеріндегі қуат коэффициенті 0,92-ден артық немесе тең |
||||
6. |
Электр желісінің кернеу класы 0,4 кВ болғанда тұтынушының электр желісіне қосылу нүктесіндегі электр желілеріндегі қуат коэффициенті 0,93-тен артық немесе тең |
»;
«Энергия аудиторлық ұйымдар мен оқу орталықтарына қатысты» бөлімінде:
реттік нөмірі 1810-жол мынадай редакңияда жазылсын:
«
1810. |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша қорытындыда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 11729 болып тіркелген) Энергия аудитін жүргізу қағидаларына 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес толтырылатын есептік бөлімнің бар болуы |
»;
Жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты төмендегідей мазмұндағы, реттік нөмірлері 1819-1, 1819-2, 1819-3, 1819-4, 1819-5, 1819-6, 1819-7 және 1819-8 жолдармен толықтырылсын:
«
1819-1. |
Заңды тұлғалардың «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастаганға немесе тоқтатқанға дейін уәкілетті органға хабарламаны жіберуі |
||||
1819-2. |
Уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындагы энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталганы туралы хабарлаған заңды тұлғаның штатында уәкілетті орган аттестаттаған кемінде төрт энергия аудиторының болуы |
||||
1819-3. |
Уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлғаның меншік құқығында немесе өзге де заңдық негізде уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының болуы |
||||
1819-4. |
Уәкілетті органга энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындагы кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлғаның білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілғен оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы |
||||
1819-5. |
Уәкілетті органга энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энерғия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлғаның штатында жоғары білімі бар кемінде екі оқытушының, соның ішінде техника ғылымдарының кандидатынан (магистрінен) төмен емес оқу дәрежесі бар кемінде бір оқытушының болуы |
||||
1819-6. |
Уәкілетті органга энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлаған заңды тұлғаның меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының тізбесіне сәйкес оқу кабинетінің, компьютерлерінің, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының болуы |
||||
1819-7. |
Энергия аудиторлық ұйымдардың жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 шілде мен 15 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органга есеп беру кезеңінде энергия аудиті бойынша берілген барлық қорытындылардың көшірмелерін жіберуі |
||||
1819-8. |
Оқу орталықтарының жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 шілде мен 15 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға есеп беру кезеңінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өтуі туралы құжаттарды жіберуі |
».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ тіркелген бірлескен бұйрықты алған күнен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму Ұлттық экономика
министрі министрі
______________ Ә. Исекешев _____________ Қ. Бишімбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
______________ С. Айтпаева
2016 жылғы 9 маусым