2030 жылға дейінгі салық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 137-ө өкімі.

      2030 жылға дейінгі салық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

      2030 жылға дейінгі тұрақты және ашық салық саясатын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда 2030 жылға дейінгі салық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2022 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде 2030 жылға дейінгі салық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстарды тұжырымдасын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министріне жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 137-ө өкіміне
қосымша

2030 жылға дейінгі салық саясаты тұжырымдамасының жобасына ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры – Салық салу департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының кеңесі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Салық консультанттары палатасы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің фискалдық реттеу жөніндегі атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "КПМГ Такс энд Эдвайзори" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технологиялық консультация беру тобының әріптесі (келісу бойынша)

      Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының сарапшысы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады