"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);";
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;";
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және олардың бірлестіктерімен Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) жұмыс істеуі мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.";
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кеңестің міндеттері:
1) Еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық үкіметаралық кеңес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстарына дайындық мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру;
2) ЕАЭО жұмыс істеуіне байланысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірыңғай ұстаным;
3) ЕАЭО жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін, жеке кәсіпкерлік субъектілерін және олардың бірлестіктерін үйлестіру;
4) ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерін қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
5) Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға мүшелігі жағдайында экономиканы дамыту, өндірісті кеңейту, басқарудың тиімділігі мен ғылыми-техникалық прогресті арттыруды ынталандыру, тауар нарықтарында ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) ЕАЭО-ның ішкі нарығында жауап шараларын енгізу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
7. Кеңес жұмысын ұйымдастыру мен оның тәртібі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік органдардың кейіннен Еуразиялық экономикалық комиссия отырыстарында қарастыруға қатысты Кеңес отырысына бастамашылық ұсыныстар шығаруы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".
Премьер-Министр Ә. Смайылов