Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкімі.

      Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды одан әрі жетілдіру мақсатында:

      1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр      Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 176-ө өкіміне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.
      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (келісу бойынша)

      "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)

Споткай Максим Александрович

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Басшысы (келісу бойынша)

Құрманбайұлы Шерубай

"Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының Әкімшілік және іс-шараларды ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісу бойынша)

Әміржанова Назира Серікқызы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәдениет және тіл бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша)

Ахметов Әділ Құрманжанұлы

мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісу бойынша)

Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы

қоғам қайраткері (келісу бойынша)

Рожин Максим Николаевич

"Qazcontent" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 176-ө өкіміне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Комиссия қызметінің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажетіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, оның ішінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру;

      2) мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту, оның қолданыс аясын кеңейту, үйлесімді тіл саясатын іске асыру;

      3) халықаралық қарым-қатынастағы мемлекеттік тілдің рөлі мен орны, шетелде оның қолданыс аясын кеңейту;

      4) мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі қызметін ақпараттық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      5) мемлекеттік тіл саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;

      6) мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың және оны ғылым мен мәдениет тіліне айналдырудың ғылыми аспектілерін қарау;

      7) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен мемлекеттік емес ұйымдар басшыларының тіл саясаты бойынша есептерін тыңдаудың нәтижелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 27 қазандағы
№ 176-ө өкіміне
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкімі.

      2. "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 122-ө өкімі.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 152-ө өкімі.

      4. "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 17-ө өкімі.

      5. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 96-ө өкімі.

      6. "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 174-ө өкімі

      7. "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 153-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 93-ө өкімі.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады