Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 181-ө өкімі.

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. "Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 58-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 181-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 № 162-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция бірінші
вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Жетісу облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 11 қарашадағы
№ 181-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты өңірлерді одан әрі дамыту бағытында елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Комиссия туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеті

      6. Қойылған мақсат шеңберінде Комиссияға елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру үшін ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі міндет жүктеледі.

3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады