Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 162-ө өкімі.

      Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 19 қазандағы
№ 162-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша).";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:";

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      3. "Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі", "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі", "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі";

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі", "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" және "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі" және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі" деген жолдардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі".

      6. "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 167-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі", "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі", "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" және "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі".

      7. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 181-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі", "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі" және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция бірінші вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары (келісу бойынша)" деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасары (келісу бойынша)".

      8. "Агломерациялар жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 64-ө өкімінде:

      көрсетілген өкімге қосымшада:

      Агломерациялар жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі" және "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады