"Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, басшы".
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |