Ауыл халқының мұқтажы үшін жерлерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 90-ө өкімі.

      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 24.09.2024 № 138-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Ауыл халқының мұқтажы үшін жерлерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 24.09.2024 № 138-ө өкімімен.

      1-1. Қоса беріліп отырған Республикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. Өкім 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 24.09.2024 № 138-ө өкімімен.
      2. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 24.09.2024 № 138-ө өкімімен.

      3. Республикалық комиссия атқарылған жұмыс туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін 2025 жылға дейін тоқсан сайын хабардар етіп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 24.09.2024 № 138-ө өкімімен.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 02.03.2023 № 39-ө өкімімен.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 90-ө өкімімен
бекітілген

Ауыл халқының мұқтажы үшін жерлерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссиясының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 24.09.2024 № 138-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары (келісу бойынша)

      облыстар әкімдерінің орынбасарлары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады