Алматы қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" II Экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 55-ө өкімі.

      2023 жылғы 18-19 мамырда Алматы қаласында өтетін "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" II Экономикалық форумын тиімді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" II Экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ 55-ө өкімімен
бекітілген

Алматы қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" II экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 18.05.2023 № 81-ө өкімімен.

р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімдері

Жауапты орындаушы

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

Мазмұнды сипаттағы іс-шаралар

1.

Форумның тұжырымдамасы мен бағдарламасын қалыптастыру

Форум бағдарламасы

2023 жылғы 10 сәуірге дейін

ҰЭМ, СІМ, СИМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

2.

ҚР Үкіметінің Аппаратына материалдар топтамасын енгізу (ҚР Премьер-Министрінің сөз сөйлеуі және екіжақты кездесулер тезистерінің жобасы, ҚР делегациясы негіздемесінің құрамы, шетелдік қатысушылардың тізімі)

материалдар топтамасы

2023 жылғы 3 мамырға дейін

ҰЭМ, СІМ, СИМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ЭМ

талап етілмейді

3.

Үкімет басшылығының Орталық Азия елдерінің Премьер-Министрлерімен және Еурокомиссияның вице-президентімен екіжақты кездесулерін ұйымдастыру

екіжақты кездесулер графиктері

2023 жылғы 10 мамыр

СІМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

бюджеттен тыс қаражат

4.

Форум қонақтарымен/қатысушыларымен екіжақты кездесулер ұйымдастыру

екіжақты кездесулер графиктері

2023 жылғы 15-19 мамыр

ҰЭМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

5.

Форумның пленарлық отырысын жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастыру және өткізу

пленарлық отырысты ұйымдастыру және өткізу

2023 жылғы 18-19 мамыр

ҰЭМ, СІМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, СИМ, ИИДМ, Қаржымині, МЭ

талап етілмейді

6.

Қазақстан Республикасы мен Форумға қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық шарттарға қол қоюдың салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу

Қол қоюдың салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу

2023 жылғы 18-19 мамыр

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

7.

Форумға қатысушылар арасында коммерциялық келісімшарттар мен келісімдерге қол қоюдың салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу

Қол қоюдың салтанатты рәсімін ұйымдастыру және өткізу

2023 жылғы 18-19 мамыр

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

Ұйымдастырушылық іс-шаралар

8.

Шақырылатын қатысушылардың тізімін қалыптастыру, спикерлер мен модераторлардың тізімін анықтау

спикерлер тізімі

2023 жылғы 25 сәуір – 5 мамыр

ҰЭМ, СІМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Kazakh Invest" ҰК" АҚ

талап етілмейді

9.

Форумға қатысатын қазақстандық және шетелдік қатысушылар үшін шақыру жіберу

шақыру хаттары

2023 жылғы 20 сәуір – 5 мамыр

ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді

10.

Форумның шетелдік қатысушылары мен қонақтарына визалық қолдауды қамтамасыз ету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының визасына шақыруларды ресімдеу және Форумның шетелдік қатысушылары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының визаларын беру

жедел жұмыс тобы, шетелдік қатысушыларға арналған шақырулар мен визалар

2023 жылғы 14 сәуір – 17 мамыр

ІІМ, СІМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), ҰЭМ

талап етілмейді

11.

Форум іс-шараларына арналған үй-жайларды жалға алу (жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер мен қабылдауларға арналған залдар)

жалдау шарты

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

ҰЭМ, Алматы қаласының әкімдігі

бюджеттен тыс қаражат

12.

Қатысуды растаған қатысушылардың тізімін қалыптастыру

қатысушылар тізімі

2023 жылғы 6 – 10 мамыр

ҰЭМ, СІМ

талап етілмейді

13.

Форумға қатысушы елдердің Премьер-Министрлерінің келу графиктерін, болу бағдарламаларын қалыптастыру

келу графигі және болу бағдарламасы

2023 жылғы 10 мамыр

СІМ, ҰЭМ

талап етілмейді

14.

Мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын делегация басшыларына бекіту

бекіту тізімі

2023 жылғы 10 – 19 мамыр

СІМ, ҰЭМ

талап етілмейді

15.

Спикерлердің келу графигін қалыптастыру

келу графигі

2023 жылғы 10 мамыр

ҰЭМ

талап етілмейді

16.

Орталық Азия мемлекеттерінің Премьер-Министрлері үшін қонақүй нөмірлерін брондауды ұйымдастыру

брондалған нөмірлер

2023 жылғы 12 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, СІМ, ҰЭМ

талап етілмейді

16-1

Орталық Азия елдері мен Еуропалық Комиссияның ресми делегациясының басшылары мен мүшелерін орналастыру (1+5 форматы бойынша)

төленген қонақүй нөмірлері

2023 жылғы 19-21 мамыр

ПІБ (келісу бойынша),
ҰЭМ

республикалық бюджет

17.

Форумға қатысушылар үшін қонақүй нөмірлерін брондауды ұйымдастыру (қажет болған жағдайда)

брондалған нөмірлер

2023 жылғы 12 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ

талап етілмейді

18.

Күзетілетін адамдардың уақытша болатын барлық объектілерінде дизель-генераторлық қондырғыларды, ең жақсы көріну көздерін және резервтік қосу автоматтарын орнату және іске қосу

объектілердегі резервтік қондырғылар

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша)

жергілікті бюджет

19.

Форумға қатысушылар, ілесіп жүретін адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспа және басқа да өнімдерді (бейдждер, флоутерлер, автомобильдерге арнайы рұқсаттама және басқалар) дайындау

баспа өнімдері

2023 жылғы 17 мамырға дейін

ҰЭМ, СІМ, МКҚ (келісу бойынша)

бюджеттен тыс қаражат

20.

Волонтерлік қызметті ұйымдастыру, оның ішінде жоғары оқу орындарының шет тілдерін білетін студенттері арасынан волонтерлердің қатысуын қамтамасыз ету

волонтерлер тізімі

2023 жылғы 5 – 19 мамыр

ҒЖБМ, Алматы қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

21.

Аударманы қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру (синхронды, дәйекті)

Аударманы қамтамасыз ету (синхронды, дәйекті)

2023 жылғы 18 – 19 мамыр

ҰЭМ, СІМ

бюджеттен тыс қаражат

22.

Форумға қатысушылар үшін үлестірме материалдарды дайындау (дайындау, көбейту), үлестірме өніммен, полиграфиямен қамтамасыз ету

үлестірме құжаттардың топтамасы және өндірілген кәдесый мен үлестірме өнімдер

2023 жылғы 13 – 17 мамыр

ҰЭМ, СІМ, "Kazakh Invest" ҰК" (келісу бойынша)

бюджеттен тыс қаражат

23.

Күзетілетін адамдардың болатын объектілерінде тиісті лицензиясы және тәжірибесі бар ұйымдардың уақытша және аспалы конструкцияларды пайдалануға беруі

аспалы конструкциялардың жай-күйі туралы акт

2023 жылғы 15 – 18 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша)

жергілікті бюджет

24.

Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу

сыйлықтар мен кәдесыйлар

2023 жылғы 10 мамырға дейін

ПІБ (келісу бойынша), ҰЭМ

республикалық бюджет / бюджеттен тыс қаражат

25.

Мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында күзетілетін адамдардың автомобильдерін тексеру (ресми сервистік орталық)

автомобильдердің жағдайы туралы акт

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

ПІБ (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша)

республикалық бюджет / бюджеттен тыс қаражат

26.

Үкімет басшыларының/делегациялар басшыларының және олармен ілесіп жүретін адамдардың арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағынан ұшып өтуі, Алматы қаласының халықаралық әуежайына қонуды және ұшуды қамтамасыз ету (метеожағдайлар нашар болған жағдайда Шымкент қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде), сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзету

ҰЭМ-ға ақпарат

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

ИИДМ, Қорғанысмині, МКҚ (келісу бойынша), ІІМ, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), СІМ, ҰҚК (келісу бойынша)

талап етілмейді

27.

Алматы, Шымкент (резервтік әуежай) және Астана қалаларына (транзиттік рейстер жағдайында) келетін ресми делегациялар мен алдыңғы қатарлы топтар мүшелерінің әуежайлардың VIP-залдары (делегация басшыларына суретке түсірусіз) арқылы өтуін қамтамасыз ету, делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерінің паспорттық және кедендік бақылаудан жедел өтуі үшін "жасыл дәліздер" құру (құрлықтық Мемлекеттік шекарадан өткен жағдайда)

ҰЭМ-ға ақпарат

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), Қаржымині МКК, МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

28.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету, тұрақ пен жанармай құюды қамтамасыз ету

ҰЭМ-ға ақпарат

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

ИИДМ, МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

29.

Кедендік және шекаралық бақылауды қамтамасыз ету/Форумға қатысушыларды ресімдеу

ҰЭМ-ға ақпарат

2023 жылғы 10 – 19 мамыр

Қаржымині МКК, ҰҚК ШҚ (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

30.

Үкімет басшылары мен ресми делегациялар мүшелерінің Алматы қаласының халықаралық әуежайында (метеожағдайлар нашар болған жағдайда, Шымкент қаласының халықаралық әуежайы резервтік нұсқа ретінде), тұратын және баратын орындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүру маршруттары бойынша сүйемелдеу

ҰЭМ-ға ақпарат

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

31.

Алматы қаласы халықаралық әуежайының сыртқы және ішкі тақырыптық безендірілуі, жүру маршруттары бойынша көшелерді безендіру, Үкімет аппаратымен келісілген эскиздер бойынша Орталық Азия мемлекеттерінің тулары мен Еуропалық Одақтың туы бар тутұғырларды орнату. ҰЭМ-мен келісу бойынша делегациялар тұратын жерлерге тиісті туларды ілу.

талап етілетін орындарды безендіру

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ

жергілікті бюджет / бюджеттен тыс қаражат

32.

Үкімет басшылары мен ресми делегациялар мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде қатысушылар үшін Алматы қаласының халықаралық әуежайында шай үстелдерін және гүлді безендіруді ұйымдастыру

келу графигіне сәйкес шай үстелдерін және гүлді безендіруді ұйымдастыру

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі

жергілікті бюджет

33.

Үкімет басшылары мен ресми делегациялар мүшелерін қарсы алу және шығарып салу кезінде қатысушылар үшін Шымкент қаласының халықаралық әуежайында (ауа райы нашар болған жағдайда) шай үстелдерін және гүлді безендіруді ұйымдастыру

келу графигіне сәйкес шай үстелдерін және гүлді безендіруді ұйымдастыру

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

Шымкент қаласының әкімдігі

жергілікті бюджет

34.

Форумға қатысушы елдердің Премьер-Министрлеріне байланыс офицерлерін бекітуді ұйымдастыру

байланыс офицерлерін бекіту

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

СІМ, ҰЭМ

талап етілмейді

35.

Байланыс офицерлерін спикерлер мен модераторларға бекітуді ұйымдастыру

байланыс офицерлерін бекіту

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

ҰЭМ

талап етілмейді

36.

Орталық Азия елдерінің және Еуропалық Комиссияның үкімет басшылары/делегация басшылары, сондай-ақ олармен ілесіп жүретін адамдар үшін көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

автокөлікті "1+5" форматы бойынша бөлу

2023 жылғы 10 – 19 мамыр

ПІБ (келісу бойынша), Алматы қаласының әкімдігі, СІМ, ҰЭМ, МКҚ (келісу бойынша)

республикалық бюджет/бюджеттен тыс қаражат

37.

Басқа делегацияларға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

автокөлікті бөлу

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, ҰЭМ, МКҚ (келісу бойынша)

республикалық бюджет/бюджеттен тыс қаражат

38.

Шымкент қаласының әуежайында делегация басшыларына көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (метеожағдайлар нашар болған жағдайда), оның ішінде келу орындарында, әуежайда кездесулер/шығарып салулар

автокөлікті бөлу

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

Шымкент қаласының әкімдігі, СІМ, ҰЭМ, МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша)

жергілікті бюджет

39.

Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерінің жүру маршруттары бойынша және тұратын жерлерінде іргелес аумақтарды абаттандыру, алдын ала және кейіннен тұрақты тазалауды жүргізу

іс-әрекеттер жоспары

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі

жергілікті бюджет

40.

Қалалық қызметтермен (Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының ПД, Алматы қаласының ТЖД, Алматы қаласының ДСД) тәулік бойы қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасау, тұратын және іс-шаралар өткізілетін жерлерде медициналық пункттерді уақытша құра отырып, өрт сөндіру бригадалары мен медициналық жұмыскерлердің тәулік бойы кезекшілік етуін қамтамасыз ету

іс-әрекеттер жоспары

2023 жылғы 18 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша), ІІМ, ТЖМ

талап етілмейді

41.

Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми және бейресми қабылдаулар ұйымдастыру

жоғары деңгейдегі қабылдау

2023 жылғы 19 мамыр

ПІБ (келісу бойынша), Алматы қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша)

республикалық бюджет

42.

Ресми делегация басшылары мен мүшелері үшін ресми және бейресми қабылдаулар өткізілетін орындарда тақырыптық және гүлді безендіру

безендірілген үй-жайлар

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша)

республикалық бюджет/бюджеттен тыс қаражат

43.

Қабылдаулар мәзірі мен музыкалық бағдарламаны алдын ала әзірлеу және келісу

мәзір, музыкалық бағдарлама

2023 жылғы 10 мамыр

МСМ, ҰЭМ, Алматы қаласының әкімдігі, МКҚ (келісу бойынша)

республикалық бюджет/бюджеттен тыс қаражат

44.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ресми және бейресми қабылдауларға қатысатын шетелдік делегациялар басшыларының тізімдерін енгізу

шетелдік делегациялардың тізімі

2023 жылғы 12 мамыр

ҰЭМ, СІМ, МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

45.

Үкімет басшылары/ делегация басшылары үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдау (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру

жоғары деңгейде қабылдау кезінде музыкалық сүйемелдеу

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

МСМ, ҰЭМ, Алматы қаласының әкімдігі

республикалық бюджет/бюджеттен тыс қаражат

46.

Үкімет басшылары/ делегация басшылары үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдау (бейресми қабылдаулар) кезінде іс-шаралар мен концерттік бағдарламаларға (дыбыстық, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны ресімдеу) қажетті техникалық қолдауды ұйымдастыру

іс-шараларды техникалық қолдау

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

МСМ, ҰЭМ

республикалық бюджет/бюджеттен тыс қаражат

47.

Форумға қатысушылар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастыру

Форумның мәдени бағдарламасы

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

Алматы қаласының әкімдігі, МСМ

жергілікті бюджет/бюджеттен тыс қаражат

Ақпараттық сүйемелдеу

48.

Шетелдік БАҚ-тарды шақыруды және аккредиттеуді ұйымдастыру

Аккредиттелген БАҚ тізімі

2023 жылғы 5 – 19 мамыр

СІМ, АҚДМ, ҰЭМ

талап етілмейді

49.

Қазақстандық БАҚ-ты аккредиттеуді және шақыруды ұйымдастыру

Аккредиттелген БАҚ тізімі

2023 жылғы 5 – 19 мамыр

ҰЭМ, АҚДМ, Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

50.

Алдағы Форум бойынша қазақстандық және шетелдік БАҚ-та PR-іс-шараларды өткізу үшін іс-шаралар материалдарын ұсыну (имидждік сипаттағы материалдарды қоса алғанда: мақалалар, баспасөз конференциялары)

медиа-жоспар

2023 жылғы 5 – 19 мамыр

ҰЭМ, СІМ, АҚДМ

талап етілмейді

51.

Қажетті ұйымдастыру техникасымен (компьютерлер, принтерлер, факстар және басқалар), іс-шаралар өткізілетін орындар мен баспасөз залдарын байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету, БАҚ үшін кофе-брейк ұйымдастыру

Форум өткізу кезеңіне орнату және қосылу

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

ҰЭМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, "Транстелеком" АҚ (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша)

бюджеттен тыс қаражат

52.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында делегация басшыларының кездесу рәсімінің телевизиялық түсірілімін ұйымдастыру. Әуежайдың VIP-терминалында журналистер үшін арнайы аймақ құру

делегация басшыларының кездесуі туралы репортаж

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

АҚДМ, СІМ, Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

53.

Баспасөз орталығының жұмысын ұйымдастыру (іс-шараның бейнетрансляциясын қамтамасыз ету, сұхбат үшін стэнд-ап позициялар мен медиа аймақтар үшін баспасөз қабырғасын дайындау, фото -, бейне материалдарды тарату, сондай-ақ интернетке сымсыз шығу және т. б.)

Форумның баспасөз орталығы

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

ПМБҚ, ҰЭМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, "Транстелеком" АҚ (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

54.

Жылжымалы телевизиялық станцияның жұмысын спутниктік антеннадан (" спутниктік табақша") қосымша резервпен ұйымдастыру және қамтамасыз ету

ЖТС-ының үздіксіз жұмысы

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

АҚДМ, ҰЭМ

талап етілмейді

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

55.

Іс-шараға қатысушылардың және БАҚ тізімін белгіленген деректерімен МКҚ-ға ұсыну

іс-шараға қатысушылардың тізімі

2023 жылғы 15 – 17 мамыр

ҰЭМ, СІМ, ПМБҚ, АҚДМ

талап етілмейді

56.

Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

делегациялар басшыларын күзету

2023 жылғы 15 – 17 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ

талап етілмейді

56-1

Еуропалық Комиссия вице-президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

делегациялар басшыларын күзету

2023 жылғы 19-21 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ

талап етілмейді

57.

Тұратын және іс-шаралар өткізілетін орындарда, кортеждердің жүру маршруттары бойынша құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ресми делегациялардың жүру маршруттары бойынша сүйемелдеу

құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету/делегациялар басшыларын сүйемелдеу

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ

талап етілмейді

57-1

Алматы қаласының халықаралық әуежайында делегация басшыларын қарсы алу үшін құрметті қарауыл ротасын ұсыну

әуежайда ұйымдастырылған кездесу

2023 жылғы 18-19 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ҰЭМ

талап етілмейді

58.

Тұратын және іс-шаралар өткізілетін орындарда медициналық пункттерді уақытша құра отырып, медициналық жұмыскерлердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету

іс-шаралар өткізілетін орындарда медициналық жұмыскерлердің кезекшілігі

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

ДСМ, ІІМ, Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді

59.

Іс-шараларды өткізу орындарына өткізу режимін қамтамасыз ету

арнайы тізімдер бойынша өткізу

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

МКҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

60.

"Күн сайын" нәтижелерімен делегация басшыларын COVID-19-ға ПТР-тестілеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда)

ПТР-тестілеу нәтижелері

2023 жылғы 17 – 19 мамыр

ПІБ (келісу бойынша), ДСМ, Алматы қаласының әкімдігі

республикалық бюджет/бюджеттен тыс қаражат

61.

Іс-шараларды өткізу орындарына қажетті техниканы енгізу, шығару және орнату үшін рұқсат беруді қамтамасыз ету

техниканы енгізуге/шығаруға рұқсаттар

2023 жылғы 15 – 19 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, СІМ, Алматы қаласының әкімдігі

талап етілмейді






      Ескертпе:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қаржымині МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ПІБ – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТЖД – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады