"Алматы қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" II Экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 55-ө өкіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 81-ө өкімі.

      1. "Алматы қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" II Экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 55-ө өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Алматы қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" II экономикалық форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:

      "

16-1

Орталық Азия елдері мен Еуропалық Комиссияның ресми делегациясының басшылары мен мүшелерін орналастыру (1+5 форматы бойынша)

төленген қонақүй нөмірлері

2023 жылғы 19-21 мамыр

ПІБ (келісу бойынша),
ҰЭМ

республикалық бюджет

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 56-1-жолмен толықтырылсын:

      "

56-1

Еуропалық Комиссия вице-президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

делегациялар басшыларын күзету

2023 жылғы 19-21 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ

талап етілмейді

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 57-1-жолмен толықтырылсын:

      "

57-1

Алматы қаласының халықаралық әуежайында делегация басшыларын қарсы алу үшін құрметті қарауыл ротасын ұсыну

әуежайда ұйымдастырылған кездесу

2023 жылғы 18-19 мамыр

МКҚ (келісу бойынша), ҰЭМ

талап етілмейді

      ".

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады