2024 жылғы 8 – 14 қыркүйекте Астана қаласындағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 108-ө өкімі.

      2024 жылғы 8 - 14 қыркүйекте Астана қаласындағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына (бұдан әрі – ойындар) сапалы дайындықты және оны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда 2024 жылғы 8 – 14 қыркүйекте Астана қаласындағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылсын.

      2. Ұйымдастыру комитеті ойындарға жоғары деңгейде дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министріне жүктелсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 4 шілдедегі
№ 108 өкіміне
қосымша

2024 жылғы 8 – 14 қыркүйекте Астана қаласындағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.03.2024 № 36-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Абай облысы әкімінің орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

      Жетісу облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директор (келісу бойынша)

      "Еуразиялық топ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады