2023 жылғы 17 тамызда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, шахтадағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның аварияның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөніндегі шаралар қабылдасын.
3. Комиссия төрағасы Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов шахтадағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексерудің нәтижелері және келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 19 тамыздағы № 130-ө өкіміне қосымша |
Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеру және салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның құрамы
Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Танабаев Мұса Тұрманұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары |
Басин Вадим Борисович | - |
Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары |
Любарская Ирина Юрьевна | - | Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы |
Төлегенова Бибігүл Райханқызы | - | Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы |
Залыгин Юрий Леонидович | - | Қарағанды облысы Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы |
Қалиақпаров Ернат Жеңіқазыұлы | - | Қарағанды облысы бойынша полиция бастығының орынбасары |
Әбілқасынов Арман Төлеубайұлы | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары |
Гафиулов Виктор Викторович | - | "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы бас директорының міндетін атқарушы |
Огай Сергей Анатольевич | - | "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамы тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары |
Силинский Генадий Юрьевич | - | "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары |
Лукин Андрей Рудольфович | - | "Қорғау" көміршілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы |