Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңесті құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 139-ө өкімі

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 149-ө өкімімен
бекітілген

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаттары Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, үйлестіру болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Кеңестің міндеттері

      6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:

      1) еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесі арасындағы байланысты нығайту үшін Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      2) кәсіптік біліктілікті тану жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар тұжырымдау.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 149-ө өкіміне
қосымша

Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Абай облысы әкімінің орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Жетісу облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның басшысы (келісу бойынша)

      кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің төрағалары (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады