"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 178-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қортындыласын және айдың 5-і күнінен кештірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы "7" қарашадағы
№ 178-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актіні сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК
(келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

М.Ө. Қалқабаев

2.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2023 жылғы желтоқсан

М.Ш. Қожаев

3.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2023 жылғы желтоқсан

Б.М. Сыздықов

4.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

5.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы қазандағы № 866 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

6.

Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешім нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

7.

Ақпарат иеленушілердің отырыстарға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

8.

Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

9.

Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

10.

Петиция беру үшін интернет-ресурсты айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

11.

Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

12.

Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

13.

"Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2023 жылғы желтоқсан

Д.Р. Қадыров

14.

"Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭТРМ

2023 жылғы желтоқсан

М.Т. Ошурбаев

15.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің жоғары арнаулы оқу орындарының курсанттары қатарындағы өздерінің жақын туыстарына олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін бару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2023 жылғы желтоқсан

М.Ш.Қожаев

16.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау академиясының курсанттары қатарындағы өздерінің жақын туыстарына олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін бару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы

ТЖМ

2023 жылғы желтоқсан

Б.М. Сыздықов

17.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарындағы өздерінің жақын туыстарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғары арнаулы оқу орындарының курсанттардың олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасының бұйрығы

ҰҚК
(келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

М.Ө. Қалқабаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады