"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 122-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 29 маусымдағы Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2023 жылғы қараша | И.В. Лепеха |
2. | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2023 жылғы қараша | И.В. Лепеха |
"; |
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, ұлттық жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы |
ІІМ, | 2023 жылғы желтоқсан |
И.В. Лепеха, |
". |
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |