"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 122-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;

      3) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде ай сайын 30-ы күнінен кешіктірмей орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытсын және жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде айдың 5-і күнінен кешіктірмей орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 8 тамыздағы
№ 122-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 14.11.2023 № 180-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2023 жылғы қараша

И.В. Лепеха

2.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2023 жылғы қараша

И.В. Лепеха

3.

"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2023 жылғы
тамыз

И.В. Лепеха

4.

"Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы" есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның бұйрығы

БП

2023 жылғы
тамыз

Ә.Қ. Шындалиев

5.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, ұлттық жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ,
БҚДА
(келісу бойынша)

2023 жылғы желтоқсан

И.В. Лепеха,
Б.Қ. Сәмбетов

6.

"Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ІІМ

2023 жылғы тамыз

Б.Б. Омарбеков,
С.С. Сәрсенов

7.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

2023 жылғы тамыз

А.Қ. Бейсенов

     

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҚДА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;

      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратура;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады