Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
2. Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 191-ө өкімімен бекітілген |
Балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған жол картасы
Р/с № | Атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар | |||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |||||
Күтілетін нәтижелер: | |||||||||
1. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары | |||||||||
1. | Балаларды сауықтыру орталықтарында сауықтыру және демалысты ұйымдастыру процестерін цифрландыру | автоматтандырылған ақпараттық жүйе | 2024 жылғы желтоқсан | ОМ, ЦДИАӨМ | |||||
2. | Меншік нысанына қарамастан қосымша білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және педагогтердің біліктілігін арттыру | сертификаттар | 2024 – 2026 жылдар | ОМ, ҒЖБМ, ЖАО | |||||
3. | "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына білімнің "білім беру-сауықтыру орталығы" ұйымы түрін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | 2024 жылғы желтоқсан | ОМ | |||||
4. | "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына Сауықтыруды және демалысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу мен бекіту жөніндегі құзыретті енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2024 жылғы ақпан | ОМ | |||||
5. | 50 балалар сауықтыру орталығын құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған кемінде 100 жаңа ірі объект салу жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған жер учаскелерін айқындау | уақытша (өтеулі, өтеусіз) жер пайдалану құқығы актісі | 2024 жылғы I тоқсан | ЖАО | |||||
6. | Жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу (қажеттігіне қарай) | теңгерімдік аражігін ажырату актісі | 2024 – 2025 жылдар | ЖАО | |||||
7. | Балаларды сауықтыруды және олардың демалысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | 2024 жылғы мамыр | ОМ | |||||
8. | "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына қосымша білім беру ұйымдарына арналған жарақтандыру нормаларын толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | 2024 жылғы маусым | ОМ | |||||
9. | Қосымша білімнің үлгілік білім беру бағдарламаларын қоспағанда, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу | әдістемелік ұсынымдар | 2024 жылғы наурыз | ОМ, РМҚК "РҚББОӘО" (келісу бойынша) | |||||
10. | Ауыл мектептеріндегі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының комьюнити-орталығы желісін кеңейту | ОМ-ге ақпарат | 2025 жылғы наурыз | ЖАО | |||||
11. | Қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім берудің тапсырысы көлемін арттыру | ОМ-ге ақпарат | маусым, желтоқсан жылсайын | ЖАО, МАМ, ТCМ | |||||
12. | 50 жаңа сауықтыру және демалыс орталығын құрудың облыстар, қалалар мен аудандар және жылдар бөлінісіндегі жиынтық жоспарын жасау | жиынтық жоспар | 2024 жылғы қаңтар | ОМ, ТСМ, ЖАО | |||||
13. | Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған 100 жаңа ірі объектіні іске қосудың облыстар, қалалар мен аудандар және жылдар бөлінісіндегі жиынтық жоспарын жасау | жиынтық жоспар | 2024 жылғы қаңтар | ОМ, МАМ, ТCМ, ЖАО | |||||
2. Практикалық іске асыру | |||||||||
2.1. Сауықтыру және демалыс ұйымдарының 50 жаңа объектісін салу | |||||||||
14. | Ақмола, Жамбыл облыстарында жыл бойы жұмыс істейтін 2 сауықтыру орталығын салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2024 жылғы қаңтар | ЖАО | |||||
15. | Абай, Атырау, Қостанай облыстарында және Астана қаласында 5 сауықтыру орталығын салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2024 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
16. | Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Шымкент қалаларында 23 сауықтыру орталығын салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2025 жылғы мамыр | ЖАО | |||||
17. | Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Ұлытау облыстарында, Алматы, Шымкент қалаларында 20 сауықтыру орталығын салу | мемлекеттік сараптаманың қорытындысы | 2025 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
2.2. Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа 100 нысан іске қосу (оқушылар сарайы, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және өнер мектептері және т.б.) | |||||||||
18. | Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 10 инновациялық шығармашылық орталық салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2024 жылғы қаңтар | ЖАО | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |||||
19. | Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында 5 инновациялық шығармашылық орталық салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2024 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
20. | Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облысында, Астана қаласында 6 өнер мектебін салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2024 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
21. | Абай, Алматы, Ұлытау облыстарында, Астана қаласында 8 инновациялық шығармашылық орталық салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2025 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
22. | Абай, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, Алматы қаласында 14 өнер мектебін салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2025 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
23. | Ақмола, Алматы, Атырау, Қызылорда облыстарында, Шымкент қаласында 6 инновациялық шығармашылық орталық (оның ішінде 1-ін МЖӘ) салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2026 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
24. | Абай, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстарында, Астана, Шымкент қалаларында 22 инновациялық шығармашылық орталық (оның ішінде 3-ін МЖӘ) салу | пайдалануға қабылдау актілері | 2026 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
25. | Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарында 8 инновациялық шығармашылық орталық (оның ішінде 1-ін МЖӘ) салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу | мемлекеттік сараптаманың қорытындысы | 2026 жылғы желтоқсан | ЖАО | |||||
26. | Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, Астана қаласында 21 өнер мектебін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу | мемлекеттік сараптаманың қорытындысы | 2026 жылғы желтоқсан | ЖАО |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҒЖБМ – Ғылым және жоғарғы білім министрлігі;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
РМҚК "РҚББОӘО" – "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.