"QarMet" акционерлік қоғамын (Қарағанды металлургия комбинаты) кешенді оңалту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамында "QarMet" акционерлік қоғамының (Қарағанды металлургия комбинаты) кешенді оңалту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы "QarMet" акционерлік қоғамының (Қарағанды металлургия комбинаты) проблемалық мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Үкіметке енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 197-ө өкіміне қосымша |
"QarMet" акционерлік қоғамының (Қарағанды металлургия комбинаты) кешенді
оңалту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
СМАЙЫЛОВ | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
СКЛЯР | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға орынбасары |
ШАРЛАПАЕВ | - |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
ШӘРІПХАНОВ | - | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
НЫСАНБАЕВ | - |
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
ЕСҚАРАЕВ | - | Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
ҚУАНТЫРОВ | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
БӨЛЕКПАЕВ | - | Қарағанды облысының әкімі |
ӨМІРӘЛИЕВ | - | Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша) |
АХМЕТЗАКИРОВ | - | Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісу бойынша) |
САРБАСОВ | - |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі |
БІРЖАНОВ | - | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
ЖАМАУОВ | - | Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі |
ДУЙСЕМБИЕВ | - |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы |
БАЙБАЗАРОВ | - |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
ЛАВРЕНТЬЕВ | - | Qazaqstan Steel Group Holding Limited құрылтайшысы (келісу бойынша) |