"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 198-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын 5-і күнінен кештірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 198 өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі


Р/с

Нормативтік актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1 2 3 4 5 6

1

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы ақпан

М.Ж. Хаджиева

2

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
 

Еңбекмині
 

2023 жылғы желтоқсан

А.Ә. Сарбасов
 

әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы





3

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
 

Еңбекмині
 

2024 жылғы қаңтар

А.Ә. Сарбасов
 

4

Айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині
 

2024 жылғы қаңтар

А.Ә. Сарбасов
 

5

Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын, зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге сақтандырушы шығыстарының жол берілетін деңгейін, Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы
 

ҚНРДА (келісу бойынша), Еңбекмині
 

2024 жылғы қаңтар

М.Ж. Хаджиева

6

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы
 

ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы ақпан

М.Ж. Хаджиева

7

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024
жылғы қаңтар

А.Ә. Сарбасов

8

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы
қаңтар

А.Ә. Сарбасов

9

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта жолдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы қаңтар

А.Ә. Сарбасов

10

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жолдау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы қаңтар

А.Ә. Сарбасов
 

11

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2024 жылғы қаңтар

А.Ә. Сарбасов

12

Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині, ҚНРДА (келісу бойынша)

2024 жылғы қаңтар

А.Ә. Сарбасов
 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады