"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 20-ө Өкімі

      "Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі";

      "Қазақстан Республикасының Әділет министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады