"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – штаб) құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, жетекші;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
Қазақстан Республикасының Көлік министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің меңгерушісі;
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 01.07.2024 № 94-ө өкімімен.2. Штаб отырыстары күнделікті негізде өткізіліп, кейіннен Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне баяндама жасалып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |