"Мемлекеттік сатып алу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 108-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Мемлекеттік сатып алу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтап қорытсын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 108-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

 

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам



1

2

3

4

5

6

1

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Е.Қ. Егемберді

2

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

3

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

4

Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰБ (келісу бойынша)

2024 жылғы тамыз

Д.В. Вагапов

5

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

6

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

7

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

8

Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

9

Келісу комиссиясының үлгілік ережесі мен жұмыс қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

10

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

11

Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

12

Үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

13

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

14

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

15

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, оларды мемлекеттік сатып алу тәртібі мен көлемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

16

Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

17

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

18

"Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

20

"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы тамыз

Д.М. Кеңбеил

21

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині
 

2024 жылғы тамыз

А.Ә. Сарбасов

22

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ
 

2024 жылғы тамыз

А.К. Рысбаев

23

Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

ҒЖБМ
 

2024 жылғы тамыз

Д.Ж. Ахмед-Заки

24

"Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ

2024 жылғы тамыз

А.Ә. Бижанова

25

Ревизиялық комиссиялардың төрағасы мен мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары мен оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нормативтік қаулысы

ЖАП (келісу бойынша)

2024 жылғы тамыз

Р.Н. Рахимов

26

Алматы қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде сәндік-жарықпен безендіруді қоса алғанда, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2024 жылғы тамыз

Ә.Е. Әбдіқадыров

27

Автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2024 жылғы тамыз

Ә.Е. Әбдіқадыров

28

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2024 жылғы тамыз

А.К. Әмрин

29

Алматы қаласында және Алматы агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2024 жылғы тамыз

А.К. Әмрин

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҒЖБМ
Еңбекмині
ЖАП
Қаржымині
СИМ
ҰБ
ІІМ








 

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады