"Қазақстанның су кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан су кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі";
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Серікәли Мұхаметкәрімұлы Мұқатаев – Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің Қазақстан Республикасындағы филиалының директоры (келісу бойынша);
Аманбек Мырзахметұлы Рамазанов – сарапшы-консультант (келісу бойынша)";
Еркін Нұрланұлы Тәжғалиев – "Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |