"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары жұмысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған KPI осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 151-ө өкіміне қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 124-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған KPI
Р/с | Мемлекеттік органның атауы |
1 | 2 |
1 | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
2 | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
3 | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
4 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
5 | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
6 | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
7 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
8 | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
9 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
10 | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
11 | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
12 | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі |
13 | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
14 | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
15 | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
Р/с | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | Үлес салмағы | Көрсеткішті есептеу формуласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған жалпы KPI | |||||||
1 |
Ағымдағы кезеңде цифрлық трансформациялау жөніндегі жобаны табысты іске асыру | % | - | 100 | 100 | 40 % |
өлшемшарттардың жалпы салмағы 100 %-ды құрайды, атап айтқанда: |
2 | Мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің істен шығуға төзімділігі | % | 99,61 | 99,62 | 99,63 | 5 % |
S=100 %-tтұралауtжалпы=100 % |
3 | Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне қосылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің үлесі | % | 10 | 50 | 100 | 5 % |
алымы: дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне қосылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің саны |
4 | ЭҮ ақпараттандыру объектілерінің қорғалу деңгейі | % | 80 | 100 | 100 | 5 % | мұндағы: S – ақпараттық жүйелер қорғалуының жалпы деңгейі; Ia – МО ақпараттық жүйелерінде (сынақтар хаттамаларында) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сынау нәтижелері бойынша актінің болуы бойынша пайыздық көрсеткіш, ол ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтар актілері бар ақпараттық жүйелердің санын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жалпы санына бөлу және 100-ге көбейту арқылы есептеледі; Ib – ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына қосылған ақпараттық жүйелердің пайыздық көрсеткіші, ол АҚЖО-на қосылған ақпараттық жүйелердің санын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің жалпы санына бөлу және 100-ге көбейту арқылы есептеледі. |
5 | Мемлекеттік органның цифрландырылған салалық деректері (бірегей атрибуттары) толықтығының архитектуралық порталдағы ағымдағы деректерге қатысты 15 %-ға өсуіне қол жеткізу | % | 15 %-ға өсу | 15 %-ға өсу | 15 %-ға өсу | 5 % |
алымы: есепті кезеңде цифрланған деректер саны |
6 | Қолжетімді (жұмыс істейтін) автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі* | % | 100 | 100 | 100 | 5 % |
А=100-( bc)*100 |
7 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ арқылы көрсетілген қызметтерге қатысты электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі | % | 50 | 60 | 70 | 5% |
А=100-( bc)*100 |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының цифрлық орынбасарларына арналған салалық KPI
Р/с | Көрсеткіштің атауы | Өлшем | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | Үлес салмағы | Көрсеткішті есептеу формуласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. Ауыл шаруашылығы | |||||||
1 | Ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу және есептен шығару кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар (вакцинациялау, диагностикалық зерттеулер) кезінде ветеринариялық дәрігерлердің "Vetmobile" мобильді қосымшасын пайдалану үлесі | % |
30 | 70 |
90 | 10 % |
алымы: "Vetmobile" қосымшасы арқылы электрондық түрде тіркелген, есептен шығарылған ауыл шаруашылығы жануарларының, профилактикалық іс-шаралардың саны |
2 |
АӨК саласындағы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдаудың цифрландырылған шараларының үлесі | % | 70 | 80 | 90 | 10 % |
алымы: АӨК саласындағы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдаудың цифрландырылған шараларының саны |
3 | "Torttulik" мобильді қосымшасын пайдаланатын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің үлесі | % | 30 | 50 | 70 | 10 % |
алымы: "Torttulik" мобильді қосымшаларын пайдаланатын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің саны |
2. Әділет | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Нотариат куәландырған сенімхаттардың жалпы санынан eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта (БНАЖ) берілген нотариат куәландырған сенімхаттардың үлесі | % | 3 | 5 | 7 | 10 % |
алымы: электрондық форматта берілген нотариат куәландырған сенімхаттардың саны |
2 | Қаулылар мен зерттеу объектілерін ұсыну негізінде электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының үлесі | % | 45 | 65 | 75 | 10 % |
алымы: электрондық нысанда қалыптастырылған және жүргізілген сот сараптамаларының саны |
3 | Борышкерлер мен атқарушылық іс жүргізу тараптарына процестік әрекеттердің жасалуы туралы Push-хабарлама және СМС жіберу арқылы мүдделі тараптарды хабардар ету арналарының санын ұлғайту | бірл. | 3 | 5 | 7 | 10 % | сандық көрсеткіш |
3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым | |||||||
1 | Цифрлық жетілудің ең төмен талаптарына сәйкес келетін ЖЖОКБҰ үлесі | % | 30 | 50 | 100 | 10 % |
алымы: цифрлық жетілудің ең төмен талаптарына сәйкес келетін ЖЖОКБҰ |
2 | Жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламасын енгізген ЖЖОКБҰ саны | бірл. | 14 | 28 | 28 | 10 % | сандық көрсеткіш |
3 | Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы "студент үшін ақша" қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылған ЖЖОКБҰ үлесі | % | 80 | 90 | 100 | 10 % |
алымы: "студент үшін ақша" қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылған ЖЖОКБҰ саны |
4. Денсаулық сақтау | |||||||
1 | Қазақстан Республикасының медициналық бейнелердің орталықтандырылған вендор-бейтарап архивіне қосылған медициналық ұйымдардың PACS жүйелерінің саны | бірл. | 0 | 0 | 100 | 10 % | сандық көрсеткіш |
2 | ТМККК/МӘМС шеңберінде медициналық ұйымдардағы қабылдаулардың жалпы санынан пациенттер растаған дәрігерге бару үлесі (цифрлық сәйкестендіру құралдары) | % | 0,1 | 50 | 70 | 10 % |
алымы: медициналық ұйымдар бойынша пациенттерді қабылдауды растау саны |
3 |
Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі | % | 0 | 50 | 100 | 10 % |
алымы: БМАЖ-ге қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының саны |
5. Әлеуметтік-еңбек саласы | |||||||
1 | Проактивті форматта сырттай белгіленген мүгедектіктің үлесі | % | 35 | 40 | 45 | 10 % |
алымы: проактивті форматта сырттай белгіленген мүгедектіктің саны |
2 | Еңбек ресурстары порталында электрондық еңбек шарттарын тіркеген ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының үлесі | % | 50 | 70 | 100 | 10 % |
алымы: еңбек ресурстары порталында еңбек шарттарын электрондық форматта тіркеген ОМО ведомстволық бағынысты ұйымдарының саны |
3 | Цифрлық мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың үлесі | % | 35 | 40 | 8450 | 10 % |
алымы: цифрлық мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар саны |
6. Көлік | |||||||
1 | Автожолдарда автоматты көліктік бақылауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған өлшеу станцияларының санын ұлғайту | бірл. | 30 | 70 | 100 | 10 % | сандық көрсеткіш |
2 | Бірыңғай терезе қағидаты бойынша электрондық түрде темір жол логистикасы саласында көрсетілетін көлік-логистикалық қызметтердің үлесі | % | 10 | 50 | 100 | 10 % |
алымы: электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны |
3 | Жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауға арналған рұқсаттардың электрондық бланкілерін бірлесіп айырбастауға көшкен шет мемлекеттер санын ұлғайту | бірл. | 1 | 2 | 3 | 10 % | сандық көрсеткіш |
7. Қаржы | |||||||
1 | Электрондық нысанда берілетін салықтық есептіліктің үлесі | % | 96 | 82 | 84 | 10 % |
алымы: электрондық түрде ұсынылған салықтық есептілік нысандарының саны |
2 | ЭШФ тіркеу және шығару кезінде биометриялық сәйкестендіруді қолдану | бірл. | 200 | 200 | 240 | 10 % | сандық көрсеткіш |
3 | Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуда цифрлық теңге пайдаланылатын жобалар саны | бірл. | 1 | 15 | 30 | 10 % | сандық көрсеткіш |
8. Қорғаныс | |||||||
1 | "Электрондық үкімет" порталы арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілердің үлесі | % | 30 | 50 | 100 | 10 % |
алымы: "электрондық үкімет" порталы арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған әскери қызметшілердің саны |
2 | Цифрлық форматта медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің үлесі | % | 10 | 40 | 100 | 10 % |
алымы: цифрлық форматта медициналық комиссиядан өткен әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің саны |
3 | Цифрландырылған қорлардың үлесі (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері) | % | 20 | 80 | 100 | 10 % |
алымы: цифрландырылған қорлардың саны (ғимараттар, құрылысжайлар, жер учаскелері және әскери инфрақұрылымның басқа да объектілері) |
9. Орта білім | |||||||
1 | Бірыңғай электрондық кезекке қосылған балабақшалардың үлесі | % | 50 | 70 | 100 | 10 % |
алымы: бірыңғай электрондық кезекке қосылған балабақшалардың саны |
2 | Педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта қабылдауды жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының үлесі | % | 40 | 80 | 100 | 10 % |
алымы: педагогтер мен техникалық персоналды электрондық форматта қабылдауды жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының саны |
3 | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына цифрлық түрде түсудің толыққанды процесін пайдаланатын талапкерлердің үлесі | % | 75 | 90 | 100 | 10 % |
алымы: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына цифрлық түрде түсудің толыққанды процесін пайдаланатын талапкерлер саны |
10. Құрылыс | |||||||
1 | "Қазтізілім" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта тіркелген үлестік қатысу шарттарының үлесі | % | 10 | 30 | 100 | 5 % |
алымы: "Қазтізілім" ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта тіркелген үлестік қатысу шарттарының саны |
2 | МҚК ААЖ арқылы қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың (сәулет және қала құрылысы бөлімдері) үлесі | % | 30 | 60 | 100 | 5 % |
алымы: МҚК ААЖ арқылы қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің саны |
11. Өнеркәсіп | |||||||
1 | Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда өнеркәсіптік заттар интернетін (IIoT) енгізу үлесі | % | 5 | 10 | 15 | 5 % |
алымы: өнеркәсіптік заттар интернеті (IIoT) енгізілген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны |
2 | ҚР ӨҚМ цифрлық өнеркәсіп тіркелімінде тіркелген химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесі | % | 0 | 10 | 50 | 5 % |
алымы: ҚР ӨҚМ цифрлық өнеркәсіп тіркелімінде тіркелген химия өнеркәсібі, қара металлургия, көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының саны |
12. Геология және жер қойнауын пайдалану | |||||||
1 | Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген тарату қорын пайдалануға арналған рұқсаттардың (нөмірі, берілген күні, рұқсаттың берілген күні, БСН, келісімшарт нөмірі, келісімшарт жасалған күн, жер қойнауын пайдалану түрі, кен орны, ӘАОЖ, ЖСН) үлесі | % | 10 | 70 | 100 | 5 % |
алымы: жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген тарату қорын пайдалануға арналған рұқсаттар саны |
2 | Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға арналған рұқсаттардың (нөмірі, берілген күні, алынған күні, БСН, лицензия нөмірі, лицензия күні, мақсаты, көлемі, кен орны, ӘАОЖ, ЖСН) үлесі | % | 10 | 70 | 100 | 5 % |
алымы: жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында электрондық нысанда берілген барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты басқа жерге апаруға арналған рұқсаттар саны |
13. Сауда | |||||||
1 | Ұлттық тауарларды қадағалап отыру жүйесі арқылы ӘМАТ-тың тіркелген өнім берушілерінің, оларды өндірушілердің және өткізушілердің саны | бірл. | 800 | 1000 | 1200 | 10 % | сандық көрсеткіш |
2 | Аккредиттеуге жататын субъектілердің жалпы санынан техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы аккредиттелген субъектілердің үлесі | % | 80 | 95 | 100 | 10 % |
алымы: техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы аккредиттелген субъектілер саны |
3 | Техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде шығарылған салыстырып тексеру сертификаттарының шығарылған салыстырып тексеру сертификаттарының жалпы санынан үлесі | % | 80 | 90 | 100 | 10 % |
алымы: техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде шығарылған салыстырып тексеру сертификаттарының саны |
14. Су шаруашылығы | |||||||
1 | Су ресурстары бойынша интерактивті картаны су қоймалары, өзендер, көлдер бойынша деректермен толықтыру көлемі | % | 40 | 50 | 70 | 10 % |
алымы: су ресурстары бойынша интерактивті картаға енгізілген су қоймаларының, өзендердің, көлдердің саны |
2 | ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарында суды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркелген су пайдаланушылардың үлесі | % | 50 | 70 | 100 | 10 % |
алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК каналдарында суды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркелген су пайдаланушылардың саны |
3 | ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК-ның автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен жарақтандырылған суару каналдарының үлесі | % | 10 | 40 | 70 | 10 % |
алымы: ҚР СРИМ "Қазсушар" РМК-ның автоматтандырылған есепке алу жүйелерімен жарақтандырылған суару каналдарының ұзындығы (км) |
15. Қауіпсіздік | |||||||
1 | ПД қызметкерлері ресімдеген материалдық залалы бар ЖКО жалпы санынан еуропротокол бойынша ресімделген ЖКО үлесі | % | 7 | 9 | 11 | 10 % |
алымы: жасалған еуропротоколдар саны |
2 | Бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың үлесі | % | 51 | 52,5 | 53 | 10 % |
алымы: бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар саны |
3 | Екінші деңгейдегі банктердің және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы тіркелген көлік құралдарының үлесі | % | 40 | 50 | 60 | 10 % |
алымы: екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және eGov Mobile арқылы тіркелген КҚ саны |
16. Экология | |||||||
1 | Орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің үлесі | % | 10 | 50 | 100 | 10 % |
алымы: орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер саны |
2 | "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне (АЖ) қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша деректер беруді қамтамасыз ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі | % | 20 | 50 | 100 | 10 % |
алымы: АЖ-ға қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша деректер беруді қамтамасыз ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны |
3 | "Tabigat табиғи ресурстардың интерактивті картасы" ақпараттық жүйесіне енгізілген табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін есепке алу объектілерінің үлесі | % | 30 | 50 | 70 | 10 % |
алымы: "Tabigat табиғи ресурстардың интерактивті картасы" ақпараттық жүйесіне енгізілген табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесін есепке алу объектілерінің саны |
17. Отын-энергетика кешені | |||||||
1 | Мұнай өнімдерінің айналымы бойынша деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін мұнай базаларының үлесі | % | 35 | 50 | 70 | 10 % |
алымы: уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне деректерді автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған шикі мұнай мен газ конденсатын қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің саны |
2 | Электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың үлесі | % | 50 | 75 | 100 | 10 % |
алымы: электрондық нысанда қалыптастырылған жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша келісімшарттардың саны |
3 | Алгоритмдерді пайдалана отырып, болжау жолымен сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізу жоспарын автоматтандыру үлесі | % | 25 | 50 | 100 | 10 % |
алымы: электрондық түрде қалыптастырылған сұйытылған мұнай газы (СМГ) жеткізілімдерінің саны |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖ – ақпараттық жүйе
АҚЖО – ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы
АӨК – агроөнеркәсіптік кешен
ӘМАТ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары
БНАЖ – бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖЖОКБҰ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
ЖИ – жасанды интеллект
ЖКО – жол-көлік оқиғасы
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
КҚ – көлік құралы
ҚР ӘҚБтК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
ҚР ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ҚР СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі
МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
МҚҚК ААЖ – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
ОМО – орталық мемлекеттік орган
СМГ – сұйытылған мұнай газы
ПД – полиция департаменті
ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім
ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
ҰБДҚ – ұлттық білім беру дерекқоры
ЭАОЖ – әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші
ЭҮ – электрондық үкімет
SDU – Smart Data Ukimet