Қазақстан Республикасының "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 3 наурыздағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 57-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы Қазақстан Республикасының "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 3 наурыздағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі — тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Түркістан қаласының жергілікті өкілді (келісу бойынша) және атқарушы органдары тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 20 наурыздағы
№ 57-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы Қазақстан Республикасының "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 3 наурыздағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау
мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтарын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2025 жылғы мамыр

А.Ж. Сыдықов

2.

"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2025 жылғы мамыр

И.В. Лепеха

3.

""Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы
№ 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2025 жылғы мамыр

Д.А. Мун

4.

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

КМ

2025 жылғы мамыр

М.Қ. Қалиақпаров

5.

"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ӨҚМ

2025 жылғы мамыр

Қ.Ж. Қажкенов

6.

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТСМ

2025 жылғы мамыр

Е.М. Еркінбаев

7.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы
№ 866 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2025 жылғы мамыр

А.Ж. Сыдықов

8.

Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру қағидаларын және оларды күтіп-ұстау талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы

МАМ

2025 жылғы мамыр

А.Ж. Сыдықов

9.

"Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы

ТСМ

2025 жылғы мамыр

Е.М. Еркінбаев

10.

"Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы

ТСМ

2025 жылғы мамыр

Е.М. Еркінбаев

11.

Түркістан қаласының өңірлік нышанының сипаттамасы мен бейнесін бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

12.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтары аумағының қала құрылысы регламентін қоспағанда, Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

13.

Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

14.

Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

15.

Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

16.

Меншік иелерінің келісуі болған кезде Түркістан қаласының аумағында азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

Е.Ә. Дауылбаев

17.

Түркістан қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

18.

Түркістан қаласының аумағында туристерді тасымалдау бойынша туристік көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

19.

Түркістан қаласының аумағында өңірлік нышанды пайдалану тәртібін бекіту туралы

Түркістан қаласы мәслихатының шешімі

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

20.

Қала құрылысы кеңесін құру туралы

Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

21.

Күтіп-ұсталуы кезінде шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекіту туралы

Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

22.

Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

23.

Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, орнату, олардың жұмыс істеуі және оларды бөлшектеп алу тәртібін бекіту туралы

Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

24.

Түркістан қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігі жүрісінің схемалары мен тәртібін айқындау туралы

Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы

Түркістан қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

З.С. Жолдасов

25.

"Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 1/36 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы
қаласы әкімдігінің қаулысы

Алматы қаласының әкімдігі

2025 жылғы мамыр

Ә.Е. Әбдіқадыров

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады