Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк мұқтажын қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық ресурстардың төлем жөнiндегi есеп айырысу-ақша құжаттарының өңделуi мен жүруiн тездету туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 23 сәуiр 1993 ж. N 157-ө
Ауылшарминiнiң, "Қазастықөнiмi" концернiнiң, "Қазтамақ-өнеркәсiбi" МҚБ, "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгiнiң, "Қазмелиорация" концернiнiң, "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясының және Қазауылшаракадемиясының айналымына 1993 жылғы 25 сәуiрден бастап, "АӨҚ Меммұқтажы" белгiсiмен 0401002 нысандағы қиғаш қызыл жолақты төлемдiк тапсырма енгiзiлгенi жөн деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi және агроөнеркәсiп кешенiнiң ұйымдары мен кәсiпорындарына қызмет көрсететiн коммерциялық банктер аталған төлемдiк тапсырмаларды төлеуге қабылдауды және барынша қысқа мерзiмде өңдеуге тиiстi бақылауды қамтамасыз етсiн.
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз