Кездесудiң қорытындысы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 5 тамыз 1993 ж. N 329-ө
1. Қазақстанда ТЮФ Рейнланд Холдинг АГ өкiлдiгiн ашу және одан кейiн "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" еншiлес кәсiпорнын құру жөнiндегi екi жақтың ұсыныстары қолдау тапсын.
2. Қорытынды хаттаманың жүзеге асырылуына Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, ал Хаттаманың бөлiмдерi бойынша:
- айналадағы ортаны қорғау бөлiмi бойынша - Экология және биоресурстар министрлiгi;
- сапа жүйелерiн құру бөлiмi бойынша - Қазбасстандарт жауапты болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен Алматы қаласының әкiмi бiр айлық мерзiмде Алматы қаласынан "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" өкiлдiгiне кеңсеге арналған көлемi 40 шаршы м 2 бөлмелi үй және "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" басшысының отбасы тұратын көлемi 70 шаршы м үш бөлмелi пәтер бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi "ТЮФ Рейнланд - Қазақстан" өкiлдiгi ашылғаннан кейiн оның телефон, телекс және телефакс байланыс арналары туралы өтiнiмiнiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 31 шiлдедегi N 188 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз