Мәскеу қаласындағы мәжiлiс туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкімі 6 қазан 1993 ж. N 442-ө

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерiнiң басшылары Қеңесiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйекте Мәскеу қаласында өткен мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдердi жүзеге асыру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Экономика министрлiгi, Әдiлет министрлiгi Экономикалық одақ құру туралы Шартты, Достастыққа мүше мемлекеттер басшылары Мәскеу қаласында қол қойған өзге де Келiсiмдер мен Шешiмдердi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң бекiтуiне ұсынатын болсын, басқа министрлiктер мен ведомстволар аталған құжаттардан туындайтын мiндеттемелердi тiркелiп отырған қосымшаға сәйкес орындауға шаралар қолдансын.
      Шешiмдердiң орындалуына бақылау жүргiзу Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының тиiстi бөлiмдерiне жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, басқа да министрлiктер мен ведомстволар Экономикалық одақ құру туралы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуды (даярлауды) қамтамасыз ететiн болсын (жоспар-график тiркелiп отыр).
      Жалпы басшылық Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Бiрiншi орынбасары, Үйлестiру-консультациялық Комитеттiң мүшесi Д.Х. Сембаевқа жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi және Экономика министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерiнiң басшылары Кеңесi мен үкiмет басшылары Кеңесiнiң кезектi мәжiлiсiнiң қарауына және күн тәртiбiне кiргiзудi талап ететiн мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды табыс етсiн.

       Премьер-министр
                                            Қазақстан Республикасы

Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 6 қазандағы N 442 өкiмiне қосымша


            Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерi басшылары
            Кеңесiнiң Мәскеу қаласында 1993 жылғы 24 қыркүйектегi
            мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдердi жүзеге асыру
            жөнiндегi құжаттардың жобаларын әзiрлеудiң
                             жоспар-графигi
                               (КЕСТЕ)
                                        Тәуелсiз Мемлекеттер Достығы

Үкiмет басшылары кеңесiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiмен мақұлданған


                Экономикалық одақ құру туралы шарттың қағидаларын
                жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн үкiметаралық
                келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеудiң
                           жоспар-графигi
                              (КЕСТЕ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады