Кеңес құрамы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 16 қарашадағы N 516-ө Өкiмi. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Каспий теңiзiнiң проблемалары жөнiндегi Кеңеске қатысушылардың уағдаластығына сәйкес, Каспий айдынын ұтымды пайдалану жөнiнде бiрлескен ұсыныстар мен бiрлескен бағдарламаларды талдап жасау мақсатында:
      1. Каспий теңiзiнiң проблемалары жөнiндегi Кеңеске (1993 жылғы 14 қазан, Астрахан қаласы) қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық комитетiнiң Қазақстан жағы мынадай құрамда бекiтiлсiн:

     Әбiлсейiтов Ғ.Ә.   - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                          орынбасары - Ғылым және жаңа технологиялар
                           министрi (топ жетекшісi)

     Бәйкенов Қ.Қ.      - Қазақстан Республикасының Энергетика және
                          отын ресурстары министрi

     Дәукеев С.Ж.       - Қазақстан Республикасының геология және
                          жер қойнауын қорғау министрiнiң бiрiншi
                          орынбасары

     Жаркенов М.Е.      - Қазақстан Республикасының Экология және
                          биоресурстар министрiнiң бiрiншi
                          орынбасары

     Жигалов К.В.       - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                          министрiнiң орынбасары

     Қыпшақбаев Н.Қ.    - Қазақстан Республикасының Су ресурстары
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы

     Мұсалiмов Ғ.М.     - Көлiк министрлiгiнің су көлiгi
                          департаментiнiң директоры

     Сәрсекенов Т.Б.    - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
                          министрлiгi жанындағы балық шаруашылығы
                          жөнiндегi комитетiнiң төрағасы

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Каспий жағалауындағы мемлекеттердiң мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн Каспий теңiзiнiң құқылық мәртебесiн келiсiп алып, анықтайтын болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет 1993 жылғы 25 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Каспий теңiзiнiң проблемалары бойынша техникалық-экономикалық баяндама табыс етiлуiн қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп Каспий теңiзiнiң деңгейi көтерiлiп келе жатқан жағдайда жағалауды қорғау шараларының тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 8 сәуiрдегi N 131 өкiмiмен бекiтiлген Каспий ынтымақтастығы жөнiндегi көпжақты келiссөздегi Қазақстан делегациясының директиваларын ескере отырып, шельфтi игеру бағдарламасын әзiрлеп, 1994 жылдың 1 тоқсанында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi мен Көлiк министрлiгi, Каспий теңiзiнiң қорық аймақтарын қорғау және табиғи байлықтарын игеру, биоресурстарын сақтау, ұдайы өсiру мен оңтайлы пайдалану жөнiнде Астрахан қаласында 1993 жылғы 14 қазанда қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру туралы ұсыныстар әзiрлейтiн болсын. 

       Премьер-министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады