Астық дайындау жөнiнде
ЖаңаҚазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмi 21 шiлде 1994 ж. N 286-ө
1. "Астық мемлекеттiк-акционерлiк компаниясы шаруашылықтардың еркiн қалдығынан "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк-акционерлiк компаниясымен және "Либерти" құрлықаралық компаниясымен жасалған контракт бойынша берiлген мұнай өнiмдерiне есеп айырысу үшiн сатып алынған астық мемлекеттiк ресурсқа есептелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң "Астық мемлекеттiк акционерлiк компаниясының кепiлдiгiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi осы мақсаттарға бөлген директивалық банк кредитiн пайдаланғаны үшiн процент төлеу жөнiндегi шығын астық қабылдау кәсiпорындарының жұмсалған шығынына жатқызылады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi мұнай өнiмдерiнiң, астықтың уақтылы берiлуiне, және кредиттiң қайтарылуына бақылау орнатсын.
Премьер-министр
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз